87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бас балалар реабилитологтары: жыл қорытындысы және жаңа бағыттар

2026 жылғы 10 ақпанда Ұлттық балаларды оңалту орталығының бастамасымен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының штаттан тыс бас балалар реабилитологтарының қатысуымен онлайн форматта семинар-кеңес өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы балаларды оңалту қызметінің 2025 жылғы нәтижелерін қорытындылау, өңірлердегі реабилитациялық көмектің жай-күйін талдау және алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды айқындау.

Семинарды ҰБОО Басқарма төрағасы Ажар Ғиният ашып, балаларды оңалтудың ұлттық жүйесін дамыту, қызмет сапасын арттыру және өңірлер арасындағы өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды.

Негізгі баяндамамен «ҰБОО» Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР ДСМ штаттан тыс бас балалар реабилитологы Айгүл Алтынбекова сөз сөйлеп, 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындыларын, негізгі көрсеткіштер мен өзекті мәселелерді таныстырды.

Сондай-ақ семинар барысында өңірлерге ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету аясындағы жұмыс нәтижелері ұсынылды.

Жиын аясында оңалту үдерісіндегі медициналық мейіргердің рөлі, делегирлеу, заманауи технологияларды қолдану және ерте араласу мәселелері де кеңінен қарастырылды. Бұл тақырыпта «ҰБОО»-ның «Қамқор» психоневрологиялық бөлімінің аға мейіргері Манзура Канкина баяндама жасады.

Семинар соңында қатысушылар арасында пікір алмасу өтіп, балалар оңалту қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен нақты қадамдар талқыланды.

Мұндай форматтағы кездесулер өңірлердегі оңалту көмегінің сапасын арттыруға, кәсіби қауымдастықты нығайтуға және балаларға көрсетілетін медициналық көмекті біріздендіруге ықпал етеді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию