87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық балаларды оңалту орталығына Қазақстан эрготерапевтер қауымдастығының президенті Петра Магерль жұмыс сапарымен келді

Петра Магерль – Австралиядан шыққан, эрготерапия саласында халықаралық деңгейде танылған сарапшы. Ол жаһандық кәсіби стандарттарды, білім беру бағдарламаларын және медициналық оңалту көмегін дамыту стратегияларын әзірлеуге белсенді түрде қатысып келеді. Оның кәсіби қызметі эрготерапияның заманауи медициналық оңалтудың негізгі бағыттарының бірі ретіндегі маңызын арттыруға бағытталған.

Сапар аясында Петра Магерль үш күн бойы орталықтағы эрготерапия қызметінің жұмысымен танысып, мамандардың практикалық қызметін бақылап, кәсіби пікір алмасты.

Алдағы кезеңде тараптар арасында ынтымақтастық орнату, мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу және кәсіби әлеуетті арттыру бағытында бірлескен жұмыс жүргізу жоспарлануда. Бұл бастамалар ерекше балаларға көрсетілетін оңалту көмегінің сапасын арттыруға бағытталған.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию