Астанада балаларды вакцинациялау мәселелері талқыланды
- Қаралды: 75
Астана қаласында балаларды вакцинациялау саласындағы өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтті. Елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған іс-шара «Вакцинация арқылы болашақ ұрпақты қорғай аламыз» тақырыбы аясында және қаланың 2026–2028 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде ұйымдастырылды.
Алқалы жиынға Ұлттық балаларды оңалту орталығы Басқарма төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Лариса Павловец, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары, педиатрия, эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және діни конфессиялардың өкілдері қатысты.
Талқылау барысында мамандар балалардың денсаулығын нығайтудағы иммундаудың маңыздылығын сөз етіп, бұл бағыттағы жүйелі ағартушылық жұмыстардың қажеттілігіне тоқталды. Қатысушылар қоғамның вакцинацияға деген сенімін арттыру және халық арасында дұрыс ақпараттық түсіндіру шараларын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды.


