Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы Ажар Ғиният балаларға ерте көмек көрсету жүйесін дамыту перспективаларын талқылауға қатысты
- Қаралды: 93
2026 жылғы 2 наурызда «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы аясында «Дара» қорының ұйымдастыруымен және Chevron компаниясының қолдауымен қорытынды кездесу өтті.
Шара балаларға ерте қолдау көрсету жүйесін дамыту және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне арналды.
Жиынға мемлекеттік органдардың, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдарының өкілдері, өңірлік ерте қолдау қызметтерінің басшылары, сондай-ақ жоба серіктестері қатысты.
Талқылау барысында бастаманы іске асыру қорытындылары, өңірлік тәжірибелер және ерте көмек көрсетуді дамытудың стратегиялық бағыттары қаралды.
Қорытынды кездесуге Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы Ажар Ғиният қатысты. Өз сөзінде ол баланың дамуы, отбасын нығайту және инклюзивті қоғам қалыптастыру үшін ерте қолдау көрсетудің маңыздылығын алға тартып, жүйелі және сектораралық өзара іс-қимылдың аса қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, 2025 жылдың тамыз айында «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы аясында «Дара» қоры Chevron компаниясының қолдауымен Орталығымыздың ерте қолдау кабинетін заманауи жабдықтармен толық жарақтандырды. Бұл балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін көмектің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.


