87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығында референдум мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Ұлттық балаларды оңалту орталығында «Аманат» партиясының «Есіл» аумақтық филиалы спикерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

    Шараның негізгі мақсаты – «Жаңа Конституция» жобасы бойынша алдағы республикалық референдумның күн тәртібін түсіндіру болды.

    Кездесу барысында спикерлер Конституция жобасының негізгі ережелерін таныстырып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру шаралары туралы мәлімет берілді.

    Жиын соңында 15 наурызда өтетін дауыс беру тәртібі мен референдумды өткізуге қажетті ұйымдастырушылық қолдау көрсету шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04

     

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию