87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бельгия Корольдігінің Елшісі Ұлттық балаларды оңалту орталығының жұмысымен танысты

Ұлттық балаларды оңалту орталығына Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эрик де Майер және Елші орынбасары Антуан Бинамэ ресми сапармен келді.

Құрметті қонақтарды орталықтың Басқарма төрағасы Ажар Ғиният өзі қарсы алып, орталықтың негізгі қызмет бағыттарымен, оңалту бағдарламаларымен және балаларға көрсетілетін кешенді көмектің ерекшеліктерімен таныстырды.

Сапар барысында Елші орталықта атқарылып жатқан жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, көрсетіліп отырған қызметтердің сапасын ерекше назарға алды. Сондай-ақ ол бұл бастамалардың барлығы ерекше балаларға деген шынайы жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі екенін айтып, Ажар Ғинияттың еңбегіне жоғары баға берді.

Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін жеткізді. Өз кезегінде Ажар Ғиният Бельгия Корольдігінің өкілдерін орталық ұйымдастыратын алдағы халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию