87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық балаларды оңалту орталығының дәрігері мемлекеттік марапатқа ие болды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық балаларды оңалту орталығының дәрігері Үмітжан Шайсұлтанқызы Әбдірахманова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл марапат – медицина саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін берілген жоғары ведомстволық награда.

Үмітжан Шайсұлтанқызы медицина саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ол 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын балалар реанимация бөлімінде дәрігер болып бастап, кейін балалар емханаларында, медициналық білім беру саласында және түрлі медициналық мекемелерде педиатр ретінде қызмет атқарған.

2011 жылдан бері Ұлттық балаларды оңалту орталығында қызмет атқарып келеді.  Қазіргі уақытта қабылдау бөлімін басқарады.

Жоғары санатты педиатр ретінде ол тек емдеу ісінде ғана емес, ұйымдастыру жұмыстарында да жоғары жауапкершілік танытып, ұжым мен ата-аналар арасында үлкен абыройға ие маман.

Ұлттық балаларды оңалту орталығының ұжымы Үмітжан Шайсұлтанқызы Әбдірахманованы мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық және игілікті ісіңізде жаңа жетістіктер тілейміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию