Қасиетті Рамазан айында «Зекет және қайырымдылық» қоры Ұлттық балаларды оңалту орталығының қызметкерлеріне 310 ауызашар боксын табыстады.
Бұған дейін қор орталығымызда ем алып жатқан науқас балалардың ата-аналарына арналған 95 ауызашар себетін ұсынған болатын. Бұл игі бастама – қайырымдылық пен қолдаудың жарқын көрінісі.
Қасиетті айда жасалған әрбір жақсылық жүректерге жылу сыйлап, бірлік пен мейірімділікті арттыра берсін.
«Зекет және қайырымдылық» қорына көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Алла разы болсын!



