87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығында аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай ауқымды іс-шара өтті

    2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай, Ұлттық балаларды оңалту орталығында аутизм спектрі бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

    Бұл іс-шара қоғамда аутизм мәселесіне қатысты хабардарлықты арттыруды, толерантты көзқарасты дамытуды және ата-аналар мен балаларға нақты практикалық көмек көрсетуді негізгі мақсат етті.

    Бағдарламаның салтанатты ашылуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамда өзін қауіпсіз сезінуіне және қоршаған ортада қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Мен ерекшемін – түсіністікпен қараңыз!» белгішесі таныстырылды.

    Күні бойы орталыққа келушілер неврологтар мен психиатдың, сондай-ақ психолог, дефектолог, эрготерапевт және АФК мамандарының кәсіби кеңестерін алды.

    Ата-аналардың біліктілігін арттыру мақсатында «Аутизм әлемі» тренингі мен арнайы семинарлар өткізіліп, маңызды сауалдар төңірегінде талқылаулар жасалды.

    Сонымен қатар, іс-шара аясында «Біз ұқсаспыз, бірақ біз өзгешеміз» атты тақырыптық көрмелер, фильм көрсетілімі, қызметкерлер арасындағы «Көк қашықтық» марафоны мен «Қолдау ағашы» арт-акциясы ұйымдастырылып, қоғам назарын маңызды әлеуметтік мәселеге аударуға мүмкіндік берді.

    Орталық ұжымы осындай іс-шаралар арқылы әрбір баланың дамуына және қоғамға бейімделуіне қолайлы орта қалыптастыруды жалғастыра береді.

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию