87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық балаларды оңалту орталығында балалардың тамақтануын скринингтеу бойынша халықаралық жоба іске асырылуда

31 наурыз 2026 жылы Орталығымызда Назарбаев Университетімен бірлескен жоба аясында балалардың тамақтануын скринингтеу тәжірибесін зерделеуге арналған кездесу өтті. Іс-шараға PhD, қауымдастырылған профессор Paolo Colet қатысып, орталықтың мейіргерлерімен кәсіби пікір алмасты.

Кездесу барысында Орталықтың мейіргерлері алғашқы мейіргерлік тексеру кезінде қолданылып жүрген тамақтану скринингі тәжірибесін таныстырды. Өз кезегінде, профессорға бұл әдісті халықаралық деңгейде валидацияланған скринингтік сауалнамалармен салыстырып, жетілдіру және толықтыру ұсынылды.

Жоба аясындағы жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 2026 жылдың сәуір айында сауалнаманы әзірлеу және бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Мамыр айында жоба Жергілікті биоэтика комиссиясының қарауына ұсынылады.

Зерттеуге қатысатын негізгі топтар: 5–7 жас аралығындағы балалар, 7–12 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдер.

2026 жылдың маусым–шілде айларында профессор Paolo Colet орталықтың мейіргерлері мен дәрігерлеріне жаңартылған сауалнамамен жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізеді. Ал тамыз–желтоқсан айлары аралығында деректер жинау кезеңі жоспарланған.

Жоба нәтижелері бойынша 2027 жылдың қаңтар–наурыз айларында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда мақала жариялау көзделіп отыр.

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию