87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Реабилитологтар кеңесі: Ерте араласу және оңалтудағы инновациялық технологиялар

    Ұлттық балаларды оңалту орталығында Басқарма төрағасы Ажар Ғинияттың жетекшілігімен реабилитологтар кеңесі өтті.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің өкілдері, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мамандары, сондай-ақ штаттан тыс бас реабилитологтар қатысты.

    Кеңес барысында ерте араласу жүйесін дамыту және оңалту процесіне заманауи технологияларды енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.

    Атап айтқанда, ерте араласуда пәнаралық (трансдисциплинарлық) тәсілді қолдану және интегративті командалық бағалау жүргізу тақырыбында Орталық бөлімдерінің меңгерушілері баяндама жасады.

    Сонымен қатар, оңалтуда роботтық технологияларды енгізу мәселесі бойынша A-GEAR экзоскелетінің тең құрылтайшысы, Назарбаев Университетінің инженері Шыңғыс Дәулетбаев және Орталықтың роботтандырылған оңалту зертханасының меңгерушісі баяндама жасады.

    Кеңес қорытындысы бойынша ұсынылған баяндамалар талқыланып, қатысушылар пікір алмасты.

    Аталған іс-шара балаларға оңалту көмегін көрсету сапасын арттыруға, жүйелі тәсілдерді жетілдіруге және бірыңғай стандарттарды қалыптастыруға бағытталған.

    • 01
    • 02
    • 03

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию