Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің II жыл сайынғы зерттеу конференциясына қатысты
- Қаралды: 140
2026 жылғы 10 сәуірде Ұлттық балаларды оңалту орталығы (ҰБОО) Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің II жыл сайынғы «Орталық Азиядағы инженерия және цифрлық ғылымдар саласындағы зерттеулердің болашағын түрлендіру» атты зерттеу конференциясына қатысты.
Конференцияның негізгі бағыттарының бірі оңалту тиімділігін арттырудың перспективалы құралы ретінде медициналық робототехниканы дамыту болды.
ҰБОО Басқарушы директоры Сая Амангелдіқызы медицина, ғылым және бизнес салаларының сарапшыларын біріктірген «Қазақстандағы медициналық робототехника және зерттеу бойынша Озық Орталық құру» атты панельдік сессиясында спикер ретінде сөз сөйледі.
Талқылау барысында роботтандырылған шешімдерді енгізудің практикалық аспектілері: прототиптерді әзірлеуден бастап оларды клиникалық практикаға интеграциялауға дейін, соның ішінде қауіпсіздік, этикалық мақұлдау және бейінді мамандарды даярлау мәселелері қаралды.


