87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ажар Ғиният халықаралық мінберде ерте араласудың маңызын көтерді

Кеше елордада балалар денсаулығын қорғаудың жаңа кезеңіне жол ашқан ауқымды халықаралық конференция өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ қолдауымен ұйымдастырылған жиынға ДДҰ Бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Генри Клюге және Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау министрлері қатысты. 

Конференция қорытындысы бойынша «Астана үндеуіне» ресми түрде қол қойылды. 

Осы жоғары деңгейдегі халықаралық алаңда Ұлттық балаларды оңалту орталығы Басқарма төрағасы Ажар Ғиният «Ерте араласуды дамыту: Ұлттық балаларды оңалту орталығының тәжірибесі мен стратегиясы» тақырыбында баяндама жасады. 

Өз сөзінде ол бала өмірінің алғашқы 1000 күніндегі оңалту шараларының маңызын атап өтіп, орталықтың мультидисциплинарлық модельден интер- және трансдисциплинарлық тәсілге көшу тәжірибесін таныстырды. Бұл тәсіл баланың функционалдық нәтижесіне басымдық беріп, отбасының оңалту процесіне белсенді қатысуын көздейді.

Басқарма төрағасы Орталықта былтыр іске қосылған ерте оңалту бөлімінің алғашқы нәтижелерімен таныстырып, балалардың қозғалыс және сөйлеу дағдыларындағы оң динамиканы атап өтті. 

Баяндамада ведомствоаралық байланысты күшейту, цифрлық оңалтуды дамыту және ерте араласу жүйесін жетілдіру бойынша маңызды ұсыныстар айтылды.

«Ерте араласу – бұл тек медицина мәселесі емес, елдің адами капиталының сапасын айқындайтын мемлекеттік басымдық», – деп қорытындылады Ажар Ғиният. 

«Ерекше балаларға – Ерекше қамқорлық!»

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию