87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәжірибе алмасу – сапалы оңалту кепілі: Ұлттық балаларды оңалту орталығының мамандары Өзбекстандағы халықаралық жиынға қатысты

Ұлттық балаларды оңалту орталығының мамандары Өзбекстан Республикасында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, балаларды оңалтудың заманауи бағыттары бойынша шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Ташкент мемлекеттік медициналық университетінде ұйымдастырылған ауқымды жиында орталық атынан Басқарма төрағасының мейіргер ісі жөніндегі орынбасары Райхан Тлеулинова мен «Бөбек» бөлімінің меңгерушісі Эльмира Жангозиева бой көрсетіп, медициналық оңалтудың инновациялық жолдарын саралады.

Конференция барысында Қытай, Әзербайжан және өзге де жетекші мемлекеттердің оңалту жүйесіндегі мультидисциплинарлық тәсілдер, ерте араласу бағдарламалары мен кешенді қолдау модельдері кеңінен талқыланды.

Бұл іссапардың басты нәтижесі – халықаралық озық әдістемелерді зерделеп, оларды орталық жұмысына бейімдеу арқылы балаларға көрсетілетін оңалту қызметінің сапасын жаңа деңгейге көтеру.

Халықаралық деңгейдегі мұндай пікір алмасу ерекше балаларды қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға тың серпін бермек.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию