Халықаралық медициналық қауымдастығы және медициналық туризм өкілдеріне арналған ақпараттық тур
- Қаралды: 132
Ұлттық балаларды оңалту орталығы Astana Tourism қолдауымен халықаралық медициналық қауымдастығы және медициналық туризм өкілдеріне арналған ақпараттық тур өткізді.
Ақпараттық турға Тәжікстан, Ресей, Швейцария, Қырғызстан және Әзербайжаннан келген мамандар — тәжірибелі дәрігерлер, медициналық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар мен инфлюенсерлер қатысты.
Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарушы директоры Сая Амангелдіқызы іс-шара барысында Орталықтың инфрақұрылымымен, озық оңалту технологияларымен таныстырып, түрлі неврологиялық нозологиялары бар балаларға көмек көрсету моделі туралы баяндады.
Оңалту көмегінің сапасы мен қолжетімділігі, халықаралық стандарттарды енгізу және шетелдік ұйымдармен әріптестік байланысты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды.


