87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Еңбек еленді: Ұлттық балаларды оңалту орталығының мейіргерлері марапатталды

    Халықаралық мейіргерлер күніне орай «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалы мен «Өркениет» кәсіподақ ұйымының өкілдері Ұлттық балаларды оңалту орталығының мейірбикелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

    Салтанатты шара аясында орталық қызметкерлеріне көпжылдық қажырлы еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттар табыс етілді.

    Мейірбике ісі — жай ғана мамандық емес, бұл үлкен жауапкершілікті, шыдамдылық пен мейірімділікті талап ететін мәртебелі миссия.

    Орталықтың мейірбикелері балалардың сауығу жолында күнделікті медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, оларға рухани қолдау білдіріп келеді.

    Барша мейірбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат және игілікті істеріңізге сәттілік тілейміз!

    • 01
    • 02
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию