87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ғылым мен білімді мейіргерлік тәжірибеге интеграциялау мәселелері талқыланды

2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен және Астана медициналық университетінің ұйымдастыруымен «Ғылымнан практикаға: мейіргерлік практикаға білім беру және ғылыми тәсілдерді интеграциялау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – мейіргерлік практикада ғылым мен білімді интеграциялау мәселелерін талқылау, білім беру ұйымдары мен практикалық денсаулық сақтау саласы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, медициналық қызмет сапасын арттыру, сондай-ақ мейіргерлерді бірлескен ғылыми зерттеулерге қосу және заманауи ғылыми жетістіктерді тәжірибеге енгізу.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, республикалық және ғылыми орталықтардың мейіргерлік қызмет басшылары, Астана қаласындағы медициналық ұйымдардың жетекшілері және мейіргер ісі саласындағы сарапшылар қатысты.

Ұлттық балаларды оңалту орталығының атынан – мейіргер ісі жөніндегі директор Райхан Тлеулинова және Клиникалық оңалту басқармасының аға мейіргері Айжан Алтынбекова баяндама жасады.

Кездесу барысында қатысушылар мейіргер ісін дамытудағы өзекті мәселелерді, медициналық мейіргерлердің ғылыми-зерттеу қызметіндегі рөлін, сондай-ақ заманауи білім беру және ғылыми тәсілдерді практикалық денсаулық сақтау жүйесіне енгізу перспективаларын талқылады.

  • 01
  • 02
  • 03
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию