Ұлттық балаларды оңалту орталығының өкілі Ақтөбе қаласында өткен ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
- Қаралды: 90
Ақтөбе қаласындағы «Ақбөбек» оңалту орталығының базасында орталықтың 30 жылдығына арналған «Балаларды оңалтудың бүгіні: ғылым, тәжірибе, нәтиже» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға Ұлттық балаларды оңалту орталығы Басқарма Төрағасы Ажар Ғиният атынан, медициналық қызмет жөніндегі орынбасары Айгүл Тулебайқызы Алтынбекова қатысты.
Конференцияның ашылуында Айгүл Тулебайқызы құттықтау сөз сөйлеп, балаларды оңалту қызметін дамыту, заманауи тәсілдерді енгізу және өңіраралық кәсіби ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, Ұлттық балаларды оңалту орталығы Басқарма Төрағасы Ажар Ғинияттың атынан оңалту саласының дамуына және балаларға көрсетілетін көмекті жетілдіруге үлес қосқан мамандарға «Құрмет» грамоталары табысталды.
Конференция барысында балаларды медициналық оңалтудың заманауи әдістері, мультидисциплинарлық өзара іс-қимыл, отбасымен жұмыс жүргізу мәселелері және Қазақстандағы оңалту көмегін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Іс-шара аясында қатысушылар «Ақбөбек» оңалту орталығы мен психикалық бұзылыстары бар балаларға арналған «Қамқорлық» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.


