87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық балаларды оңалту орталығы денсаулық сақтау мекемелері арасындағы республикалық конкурста топ жарды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ұйымдастыруымен өткен «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» денсаулық сақтау мекемелері арасындағы республикалық конкурстың қорытындысы жарияланды. Конкурс нәтижесі бойынша Ұлттық балаларды оңалту орталығы «Үздік оңалту орталығы» аталымында І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Аталған конкурс денсаулық сақтау ұйымдарындағы құжат жүргізу мәдениетін жетілдіру, ұлттық стандарттарға сай ісқағаз жүргізу тәжірибесін дамыту және ұйымдардың басқару сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ұлттық балаларды оңалту орталығы конкурста мемлекеттік тілдегі құжат айналымын тиімді ұйымдастыру, ісқағаздарды ұлттық стандарттарға сәйкес рәсімдеу және сапалы басқару жүйесін қалыптастыру бағытындағы үздік тәжірибесін көрсетті.

Орталық ұжымы бұл жетістігін мекеменің кәсіби даму жолындағы жүйелі жұмысының нәтижесі деп бағалайды.

  • 01
  • 02
  • 03
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию