87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Балаларды оңалтудағы пәнаралық диалог» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуы өтті

2026 жылғы 28 мамырда «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ базасында Қазақстаннан және шетел мемлекеттерінен келген балаларды оңалту саласындағы жетекші сарапшыларды, ғалымдар мен тәжірибелік мамандарды біріктірген «Балаларды оңалтудағы пәнаралық диалог» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуы өтті.

Іс-шара балаларға кешенді оңалту көмегін көрсету жүйесіндегі заманауи тәсілдерді, инновациялық технологияларды және пәнаралық өзара іс-қимылды талқылауға арналған маңызды кәсіби алаңға айналды.

Конференция жұмысына меншік нысанына қарамастан оңалту көмегін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының мультидисциплинарлық командаларының мамандары, штаттан тыс бас реабилитологтар, педиатрлар, неврологтар, алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандары, үкіметтік емес сектор өкілдері мен ата-аналар қауымдастығының мүшелері Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен қатысты.

Конференцияның халықаралық маңыздылығын Қытай Халық Республикасы, Түркия Республикасы, Словения Республикасы, Корея Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Франция мемлекеттерінен, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық бюросынан келген спикерлер мен сарапшылардың қатысуы ерекше айқындады.

Конференция аясында балаларды оңалту жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қарастырылды, оның ішінде:
– ДДСҰ-ның «Rehabilitation 2030» бастамасының қағидаттарын іске асыру;
– кешенді оңалту аясындағы мамандардың пәнаралық өзара іс-қимылы;
– ерте араласу және оңалту көмегінің сабақтастығы;
– роботтандырылған және цифрлық технологияларды енгізу;
– дәлелді тәжірибелер мен инновациялық оңалту әдістері;
– физикалық медицина мен ортездеудегі заманауи тәсілдер;
– аутистік спектр бұзылыстары бар балаларға медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды интеграциялау;
– мейіргер ісін және кадрлардың кәсіби құзыреттерін дамыту.

Конференция жұмысы бес негізгі секция бойынша ұйымдастырылды:

  1. Ерте араласу – балалар мүгедектігінің алдын алу;
  2. Балалар реабилитациясындағы роботтандырылған технологиялар;
  3. Физикалық медицина мен ортездеудегі заманауи тәсілдер;
  4. Қоғамдағы ерекше бала: даму, оқыту және бейімдеудегі пәнаралық тәсіл;
  5. Реабилитациялық үдерістегі мейіргер қызметкерлерінің рөлі: басқарудан іске асыруға дейін.

Пленарлық отырыстар мен тақырыптық секциялар барысында қатысушылар халықаралық тәжірибемен алмасты, оңалту көмегінің заманауи модельдерін және озық технологияларды практикалық денсаулық сақтау жүйесіне енгізу перспективаларын талқылады.

29 мамыр күні келесі тақырыптар бойынша 11 шеберлік сабағы өтеді: «Ерте араласу технологиялары», «Rebless Planar құрылғысында қолға арналған роботтандырылған реабилитация», «Балаларды оңалтуда DEWOLL-ELITE интерактивті платформасын қолдану», «Балалардағы церебралды сал ауруы кезіндегі спастикалық паттерндердің әртүрлі түрлерін емдеудегі ботулинотерапия ерекшеліктері», «Транскраниалдық магниттік стимуляция. Неврологиялық бұзылыстар кезінде қолданудың клиникалық тәжірибесі», «Эквинусты кезеңдік гипстік түзетудің клиникалық аспектілері мен техникасы», «Аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалармен альтернативті коммуникация әдістері», «Бейімдік дене шынықтыру элементтерімен сенсомоторлық интеграцияны қолдану», «Постуралды менеджмент тәжірибесі: бағалаудан нәтижеге дейінгі позициялау», «Кеңейтілген практикадағы мейіргерлердің «ҰБОО» КеАҚ-да реабилитациялық үдерісті ұйымдастыруы», «Дәстүрлі қытай медицинасындағы ақыл-ой дамуының тежелуін диагностикалау және емдеу», «Дәстүрлі қытай медицинасындағы балалар церебралды сал ауруын емдеу».

Конференцияны өткізу Қазақстанның заманауи балаларды оңалту жүйесін дамытудағы жоғары әлеуетін, сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларының өмір сапасын арттыру мақсатында халықаралық ынтымақтастықтың, кәсіби диалогтың және әртүрлі бағыттағы мамандар күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын растады.

  • 01
  • 02

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию