87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бакудегі халықаралық роуд-шоуда

Бакудегі халықаралық роуд-шоуда Ұлттық балаларды оңалту орталығы Қазақстанның медициналық оңалту саласындағы әлеуетін таныстырды

Баку, Әзербайжан, 16–17 маусым

Баку қаласында медициналық туризм мен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық роуд-шоу өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Астана даму орталығы» ЖШС.

Аталған іс-шараға Ұлттық балаларды оңалту орталығының (ҰБОО) Басқарушы директоры Сая Амангелдіқызы қатысып, Орталықтың мүмкіндіктері мен балаларды оңалту саласындағы халықаралық әріптестікті дамыту перспективаларын таныстырды.

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Д. Байель мырза, сондай-ақ Астана және Баку қалаларындағы жетекші медициналық ұйымдар мен клиникалардың басшылары мен өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Роуд-шоу аясында медициналық ұйымдар, медициналық туризм саласындағы компаниялар және әлеуетті серіктестер өкілдерінің қатысуымен B2B форматындағы бірқатар кездесу өткізілді. Кездесулер барысында медициналық оңалту саласындағы ынтымақтастықтың келешегі, тәжірибе алмасу, маман даярлау, бірлескен білім беру және ғылыми-практикалық жобаларды іске асыру, сондай-ақ пациенттерді мамандандырылған оңалту көмегін алуға жолдау мәселелері талқыланды.

Іскерлік бағдарламаның қорытындысы ретінде Ұлттық балаларды оңалту орталығы мен «Aydin Partners» ЖШҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум - Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы кәсіби байланысты нығайтудағы маңызды қадам, ол денсаулық сақтау және медициналық туризм салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Іс-шараның екінші күні делегация Баку қаласындағы «Биологиялық медицина орталығы» мен «CitoMed» клиникасына барып, аталған мекемелердің қызметімен және пациенттерді емдеудің заманауи технологияларымен танысты. Тараптар өзара тәжірибе алмасып, алдағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.

Ұлттық балаларды оңалту орталығының Бакудегі халықаралық роуд-шоуға қатысуы Қазақстанның балаларды оңалту саласындағы тәжірибесін халықаралық деңгейде ілгерілетуге және Орталықтың серіктестік желісін кеңейтуге ықпал етеді.

 

  • 01
  • 02
  • 03

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию