87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық балаларды оңалту орталығының қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды

Медицина қызметкері күні қарсаңында Ұлттық балаларды оңалту орталығының қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Сала мамандарының көпжылдық еңбегі мен кәсіби қызметі мемлекет деңгейінде жоғары бағаланды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту ісіне елеулі үлес қосып жүрген орталық қызметкерлері Ақордада және Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған салтанатты іс-шараларда марапаттарға ие болды.

Орталықтың басқарушы директоры Сая Амангелдіқызы Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан «Шапағат» медалін алды. Сондай-ақ бөлім меңгерушісі, жетекші дәрігер Зульфия Жансейітқызы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сонымен қатар орталықтың тағы 18 қызметкеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Саланың дамуына қосқан үлесі үшін» медальдары, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Бұл марапаттар мамандардың жоғары кәсібилігі мен балалар денсаулығын сақтау жолындағы адал еңбегінің айғағы.

Бүгінде Ұлттық балаларды оңалту орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға кешенді медициналық, педагогикалық және әлеуметтік оңалту көмегін көрсететін еліміздегі жетекші мамандандырылған мекемелердің бірі болып табылады. Орталықта заманауи технологиялар қолданылып, жыл сайын мыңдаған бала оңалту көмегін алады.

Орталық ұжымын жоғары марапаттарымен құттықтаймыз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию