87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығы қоғамдық ұйымдармен серіктестікті нығайтуда

    2026 жылғы 23 маусымда Астана қаласындағы Ұлттық балаларды оңалту орталығында «Медицина мен қоғамның синергиясы: ерекше қажеттіліктері бар балаларды үздіксіз оңалту мен әлеуметтендіруге кешенді көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараны Ұлттық балаларды оңалту орталығы ұйымдастырып, Zoom платформасы арқылы Орталықтың филиалдары – «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» мен «ҰБОО» Қызылорда филиалы қатысты. Сондай-ақ дөңгелек үстелге «Мама Про» қоры және «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында мемлекеттік медициналық ұйымдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың отбасыларына арналған практикалық қолдау тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар Ұлттық балаларды оңалту орталығы базасында ата-аналарға арналған тегін шеберлік сабақтары, оқыту тренингтері мен ақпараттық кездесулер тұрақты өткізілетін ашық әлеуметтік-білім беру хабын құру бастамасын қарастырды.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ҰБОО, «Мама Про» қоры және «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» РҚБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Құжат аясында психологиялық қолдау көрсету, отбасыларды ақпараттық сүйемелдеу, бірлескен әлеуметтік зерттеулер жүргізу, сондай-ақ инклюзивті жобалар мен іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыру жоспарлануда.

    Бұл әріптестік Ұлттық балаларды оңалту орталығының, оның өңірлік филиалдарының және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін біріктіріп, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасылары үшін кешенді оңалту жүйесінің қолжетімділігі мен тиімділігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

    • 01
    • 02
    • 03

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию