87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытай делегациясы Ұлттық балаларды оңалту орталығына келіп, оңалтудың қазақстандық тәжірибесімен танысты

Ұлттық балаларды оңалту орталығына Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясының Денсаулық сақтау комитеті жанындағы Дәстүрлі қытай медицинасы басқармасының ресми делегациясы келді. Сапардың мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және балаларды оңалту бағытындағы өзара байланысты нығайту.

Қонақтарды Басқарма төрағасы Ажар Ғиният қарсы алып, орталықтың қызметімен таныстырды. Делегацияға балаларды кешенді оңалтудың толық жүйесі, заманауи технологиялар, мультидисциплинарлық команданың жұмысы және ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін көмектің барлық кезеңі таныстырылды.

Қытайлық әріптестер барлық қызметтің бір орталықта шоғырландырылғанын, озық оңалту технологияларының қолданылуын және медициналық көмектің тиімді ұйымдастырылғанын жоғары бағалап, мұндай тәжірибені өз елдерінде енгізуге қызығушылық білдірді.

Ұлттық балаларды оңалту орталығын қытайлық әріптестермен тәжірибе алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді. Өткен жылы орталықта Дәстүрлі қытай медицинасы кабинеті ашылып, бүгінде ол балаларды кешенді оңалтудың маңызды бағытына айналды. Мұнда дәстүрлі қытай медицинасының ғылыми негізделген әдістері заманауи медициналық оңалтумен ұштастырылып қолданылады.

Қытайлық мамандар дәл осы тәжірибеге ерекше қызығушылық танытып, дәстүрлі және заманауи медицинаның бір орталықта үйлесімді қолданылуын жоғары бағалады. Сондай-ақ кабинет дәрігерлерінің Қытайда арнайы білім алып, жетекші клиникаларда тағылымдамадан өткенін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, бұл сапар «Қытай – Орталық Азия» саммитінің қорытындыларын іске асыру, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, дәстүрлі медицина саласындағы тәжірибе алмасуды кеңейту және «Салауатты Жібек жолы» бастамасын қолдау аясында ұйымдастырылды.

Кездесу қорытындысында қытайлық әріптестер ҰБОО өкілдерін шілде айында Қытайда өтетін халықаралық конференцияға ресми түрде шақырды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию