87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығының пациенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барып қайтты

    19 шілде күні Ұлттық балаларды оңалту орталығы ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» корпоративтік қорының қолдауымен «Қамқор», «Ақжол» және «Балбұлақ» бөлімшелерінің пациенттеріне арнап Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырды. Іс-шараға балалар мен оларға күтім жасайтын жандарды қоса алғанда, барлығы 50 адам қатысты.

    Экскурсия барысында қатысушылар Қазақстанның тарихымен және бай мәдени мұрасымен танысып, ой-өрісін кеңейтіп, ұмытылмас әсер алды. Бұл сапар оңалту үдерісіндегі мәдени-танымдық жұмыстардың маңызды бөлігіне айналып, балалардың көтеріңкі көңіл күйін қалыптастыруға және жағымды эмоциялар сыйлауға ықпал етті.

    Ұлттық балаларды оңалту орталығы балалардың мазмұнды демалысын ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, олардың танымдық дамуына үлес қосқаны үшін қорға және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне шынайы алғысын білдіреді.

     

    • 01
    • 02
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию