Бүгін Ұлттық балаларды оңалту орталығына Қытайдың «Халықаралық кәсіпкерлердің коммуникация орталығы» (华商国际传播中心) түсірілім тобы келді.
Түсірілім «Road to the West: Ұлы Батыс жолы» атты көптілді шағын деректі фильм аясында ұйымдастырылды. Жоба дәстүрлі қытай медицинасының халықаралық деңгейде дамуы мен Қазақстандағы тәжірибесін таныстыруға арналған.
Фильмде Ұлттық балаларды оңалту орталығындағы Дәстүрлі қытай медицинасы кабинетінің жұмысы, мамандардың күнделікті қызметі, дәрігерлер арасындағы тәжірибе алмасу және пациенттерге көрсетілетін оңалту көмегі көрініс табады.
Бүгінде, Ұлттық балаларды оңалту орталығы Қытайдың жетекші медициналық ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. Қазіргі уақытта тараптар арасында аутизм спектрі бұзылысы (РАС) бар балаларды оңалту бағытындағы бірлескен жоба жүзеге асырылуда.
Деректі фильм Қазақстан мен Қытай арасындағы медициналық ынтымақтастықтың нәтижесін көрсетіп, балаларды оңалту саласындағы бірлескен жұмыстың маңызын халықаралық аудиторияға таныстыруға бағытталған.



