87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығында дүниежүзілік реабилитолог күні аталып өтті

    8 қыркүйек – Дүниежүзілік реабилитолог күні. Осы кәсіби мерекеге орай Ұлттық балаларды оңалту орталығында оңалту саласының мамандарына арналған мерекелік іс-шара өтті.

    Реабилитологтар – ерекше қажеттілігі бар балалардың қозғалыс мүмкіндігін арттыруға, жаңа дағдыларды қалыптастыруға және күнделікті өмірге бейімделуіне ықпал ететін маңызды мамандар. Олардың еңбегі кәсіби білім мен тәжірибені ғана емес, әр баланың мүмкіндігіне сенуді, шыдамдылықты және жоғары жауапкершілікті талап етеді.

    Мерекелік шара Орталық қызметкерлері үшін кәсіби еңбекті атап өтумен қатар, әріптестер арасында өзара қолдау мен командалық рухты нығайтуға бағытталды.

    Күн бағдарламасы спорттық және танымдық іс-шараларға толы болды. Орталық мамандары жүгіру жарысына қатысып, бассейндегі олимпиадада өзара бақ сынады. Сондай-ақ «Баланы дұрыс позициялау» тақырыбында арнайы мастер-класс ұйымдастырылды. Командалық сайыстар мен басқа да мерекелік белсенділіктер қызметкерлерге кәсіби ортадан тыс жерде де бір-бірімен жақынырақ араласуға мүмкіндік берді.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, еліміздің әр өңірінде балаларға арналған оңалту және дамыту орталықтарының қолжетімді болуы қажеттігін айтқан болатын.

    Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелілігі ең алдымен білікті мамандардың кәсіби еңбегіне байланысты. Сондықтан реабилитологтардың еңбегін дәріптеу – балаларды оңалтудың қоғам үшін маңызын түсіндірумен қатар, осы сала мамандарының кәсіби миссиясына құрмет білдірудің маңызды бөлігі.

    Дүниежүзілік реабилитолог күні – күн сайын балалардың жаңа мүмкіндіктерге қадам басуына көмектесіп жүрген мамандарға алғыс білдіретін ерекше күн.

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    • 06
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию