87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығының маманы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады

    2026 жылғы 11 қыркүйекте Назарбаев Университетінде Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының 25 жылдығына арналған травматолог-ортопедтердің мерейтойлық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

    Конференцияның мейіргерлік секторына арналған бөлімінде Ұлттық балаларды оңалту орталығының маманы Қуатханов Думан Бауыржанұлы «Мейіргерлік тәжірибеде роботтандырылған технологияларды пайдалана отырып, пациенттерді оңалтудың заманауи әдістері» тақырыбында баяндама жасады.

    Баяндама барысында пациенттерді оңалтудың заманауи тәсілдері, роботтандырылған технологияларды реабилитациялық үдеріске енгізу мүмкіндіктері және оңалтудың барлық кезеңдерінде пациентке сапалы әрі қауіпсіз күтім көрсетудегі мейіргердің рөлі қарастырылды.

    Іс-шара барысында медициналық көмектің сапасын арттыру, заманауи технологияларды тәжірибеге енгізу және оңалту үдерісін жетілдіру мәселелері талқыланды. Конференция мамандар арасында тәжірибе алмасып, медицинадағы заманауи тәсілдерді талқылауға мүмкіндік берді.

    • 01
    • 02
    • 03
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию