87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    ҰЛТТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДІҢ ЖОҒАРЫ САНАТЫН РАСТАДЫ

    Бүгін, 17 қыркүйек, Дүниежүзілік пациент қауіпсіздігі күні (World Patient Safety Day). Бұл — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне назар аударуға, сондай-ақ медициналық көмек көрсету барысында пациентке келтірілуі мүмкін әрі алдын алуға болатын залалды барынша азайтуға бағытталған жаһандық бастамасы. Дүниежүзілік пациент қауіпсіздігі күні 2019 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының шешімімен бекітіліп, содан бері жыл сайын 17 қыркүйекте аталып өтіледі. 2026 жылы ДДҰ науқаны «Жұқпалы емес аурулар кезінде қауіпсіз медициналық көмек көрсету» тақырыбымен және «Өмір бойы қауіпсіз медициналық көмек» ұранымен өтіп жатыр.

    Осы бір айтулы күні Орталығымыз үшін ерекше маңызы бар, қуанышты жаңалықты бөліскіміз келеді. 2026 жылдың 17–19 тамыз аралығында «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ-та ұлттық аккредиттеу рәсімі өтті. Кешенді бағалау нәтижесінде Орталық белгіленген медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға толық сәйкес екенін дәлелдеп, ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын үш жыл мерзімге — 2026 жылдан 2029 жылға дейін қайта растады. Бұл нәтиже Орталықтағы емдеу және оңалту үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, мамандардың кәсібилігін, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен пациенттер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғанын айғақтайды.

    Ұлттық балаларды оңалту орталығы үшін пациент қауіпсіздігі — стандарт талаптарын орындау ғана емес, күнделікті жұмыстың негізгі қағидаттарының бірі. Біз алдағы уақытта да көрсетілетін медициналық көмектің сапасын үздіксіз жетілдіріп, қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және балаларды оңалту саласындағы заманауи тәсілдерді еңгізуге басымдық береміз. Әр баланың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ басымдық.

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию