87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығының мамандары Италияда тәжірибе алмасты

    Ұлттық балаларды оңалту орталығының делегациясы Басқарма төрағасы Ажар Ғинияттың жетекшілігімен Италияға жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Италияның жетекші медициналық және оңалту ұйымдарының жұмысын көріп, балаларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетудің заманауи тәсілдерімен танысты.

    Алғашқы күні аутизм спектрі бұзылыстары бар балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсететін L’Abilità – Le Piccole Case орталығына барып, мамандар балаларды және отбасыларды сүйемелдеу, мультидисциплинарлық тәсіл және заманауи бағалау әдістері бойынша өзара тәжірибе алмасты.

    Сондай-ақ неврология және нейрооңалту саласында маманданған Besta–FINCB Ұлттық неврология институты мен La Nostra Famiglia – IRCCS Eugenio Medea балаларды оңалту орталығына барып, мамандарымен кездесті. Кездесулерде ерте араласу, роботтандырылған оңалту, нейрооңалту, физиотерапия, қозғалыс және когнитивтік функцияларды қалпына келтіру, баланың отбасын оңалту процесіне тарту мәселелері талқыланды.

    Итальяндық мамандар медициналық көмекті ұйымдастыру, аутизмі бар балаларды оңалту, мамандардың өзара іс-қимылы және цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

    Басқарма төрағасы Ажар Ғиният халықаралық тәжірибені меңгеру еліміздегі оңалту саласын жаңа деңгейге көтеруге жол ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл сапар итальяндық әріптестермен бірлескен жобаларды бастауға жақсы негіз болады.

    Сапар қорытындысы бойынша тараптар кәсіби ынтымақтастықты жалғастыру, бірлескен білім беру іс-шараларын өткізу және мамандар алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию