87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Бельгия делегациясымен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

    Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Ұлттық балаларды оңалту орталығына сапары аясында бүгін Орталыққа Бельгия Корольдігінің іскерлік делегациясы келді.

    Басқарма төрағасы Ажар Ғиният қонақтарды өзі қарсы алып, орталықтың негізгі қызмет бағыттарымен, балаларды оңалтуда көрсетілетін қызметтермен және қазіргі қажеттіліктерімен таныстырды. Атап айтқанда, протездеу мен ортездеу, нейробұлшықеттік және ортопедиялық оңалту, балалардың білім алуын қолдау, цифрлық технологияларды енгізу, мамандардың біліктілігін арттыру және халықаралық ынтымақтастық мәселелері қозғалды.

    Кездесу аясында делегация өкілдері клиникалық тәжірибе алмасу, күрделі жағдайларды бірлесіп талдау, екінші медициналық пікір алу және қашықтан сараптамалық кеңес беру мүмкіндіктерін де таныстырды.

    Тараптар цифрлық технологияларды қолдану арқылы жеке ортездер, протездер мен корсеттерді дайындау үдерісіне де назар аударды. Бұл бағытта 3D-сканерлеу, цифрлық модельдеу, мамандарды оқыту, тәжірибелік үлгілер әзірлеу және бірлескен пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

    Кездесу қорытындысында Орталықтың басым қажеттіліктері, ұсынылған шешімдерді тәжірибеде қолдану жолдары және қысқа мерзімді бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    • 06
    • 07
    • 08
    • 09
    • 091
    • 092
    • 093
    • 094
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию