87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ерекше балалардың ата-аналарына арналған тегін шеберлік сағаты өтті

    2026 жылғы 23 қазанда «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ-та «Мама Про» қоғамдық қорымен бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған тегін шеберлік сағаты өтті. Іс-шараға 60-қа жуық адам қатысты.

    Бағдарлама екі бөлімнен тұрады. «Мобилография және монтаж негіздері» тренингі аясында қатысушыларға смартфон арқылы фото мен бейне түсіру, оларды өңдеу және бұл дағдыны қашықтан табыс көзіне айналдыру мүмкіндігі туралы айтылды. Мұндай формат үнемі бала күтімімен айналысатын ата-аналардың өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар Орталықтың әлеуметтік педагогі әлеуметтік төлемдер, мүгедектік алу тәртібі және өзге де әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

    Мұндай шеберлік сағаттары Орталықта тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

    • 01
    • 02
    • 03
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию