Республика күніне орай Ұлттық балаларды оңалту орталығының бірқатар маманы мемлекеттік наградаларға ие болды. Бұл – балалардың денсаулығын жақсартуға, олардың оңалуына және қоғамға бейімделуіне үлес қосып жүрген мамандардың еңбегіне берілген жоғары баға.
Орталықтың Басқарма төрағасы Ажар Ғиният «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» орденімен марапатталды.
Сонымен қатар орталықтың келесі қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды:
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
- Алтынбекова Айгүл Төлеубаевна
- Қалиясов Мейрам Мақсұтович
- Кенжебекова Мейрамгүл Өміртаевна
- Құдайбергенов Абдулла Сүеркұлұлы
«Шапағат» медалімен:
- Балтабаева Айгүл Тасқымбайқызы
- Агланбекова Меруерт Болатқызы
- Әлімжанова Алмагүл Қайроллақызы
- Искулова Асыл Ерғазықызы
Бұдан бөлек, Орталықтың бірқатар қызметкері ведомстволық наградалармен де марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандардың еңбегіне берген жоғары бағасы біз үшін маңызды. Бұл марапаттар – күнделікті еңбегін балалардың сауығуы мен дамуына арнап жүрген мамандарға деген құрметтің белгісі.
Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, күш-қуат және балалардың жарқын болашағы жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!



