2026 жылғы 27 қазанда Ұлттық балаларды оңалту орталығында психолог-терапевт Гүлжайна Рүстемнің «Дом, в котором поселилась тревога» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Кітапта баласының мүгедектігімен бетпе-бет келген отбасының оқиғасы және осы жағдайдан кейінгі өмірдегі өзгерістер баяндалады. Автор ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың ішкі күйзелісіне, жаңа жағдайды қабылдауына және қиындықтарды еңсеру үшін ішкі ресурстарын табуына ерекше назар аударған.
Басылымда мазасыздықты жеңуге, күрделі жағдайларда өзіне қолдау көрсетуге және эмоционалдық қиындықтармен күресуге көмектесетін практикалық кеңестер мен психологиялық қолдау құралдары ұсынылған.
Таныстырылымға Құрылтай депутаты Динара Наумова, «Мама ПРО» ұйымының директоры Асия Текеева және «Асыл Мирас» орталығының педагог-психологы Нұрия Гайнулловна қатысты.
Кездесу ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға психологиялық қолдау көрсету мәселесіне арналды. Бұл тақырып Орталық жұмысының маңызды бағыттарының бірі.



