87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Солтүстік Қазақстан облысында балаларды оңалту жүйесін дамыту мәселесі қаралуда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық балаларды оңалту орталығына сапары барысында еліміздің өңірлерінде Орталығымыздың стандартына сай балаларды оңалту жүйесін дамыту жөнінде тапсырма берілген болатын.

    Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру мақсатында жақында Денсаулық сақтау министрі мен Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы Ажар Ғиният Петропавл қаласына барып, болашақ оңалту орталығын орналастыруға болатын нысандарды қарады.

    Бүгін Петропавл қаласы әкімдігінің делегациясы Ұлттық балаларды оңалту орталығына келіп, мекеменің жұмысымен танысты. Ажар Ғиният қонақтарға Орталықтың қызметін таныстырып, балаларды оңалтуды ұйымдастыру, бөлімшелердің жұмысы және заманауи оңалту әдістері туралы айтып берді. Сонымен қатар өңірде балаларды оңалту жүйесін дамыту мәселесіне қатысты тәжірибесімен бөлісіп, бірқатар маңызды кеңес пен ұсыныс айтты.

    Орталықтың тәжірибесін өңірлерге тарату және балаларды оңалту мүмкіндіктерін кеңейту – еліміздің әр өңіріндегі балаларға сапалы оңалту көмегінің қолжетімді болуына бағытталған маңызды қадам.

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию