87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Қарағанды облысында Ұлттық балаларды оңалту орталығының филиалын ашу мәселесі қаралуда

    Ұлттық балаларды оңалту орталығында өңірлерде балаларды оңалту көмегін дамыту және Орталық филиалдарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

    Бүгін Орталығымызға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Қайсаұлы Тәурбеков пен Қарағанды қаласының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері келді.

    Делегация Орталықтың жұмысымен танысып, балаларды оңалтудың заманауи тәсілдері мен қолданылатын технологияларды көрді. Кездесуде Қарағанды облысында Ұлттық балаларды оңалту орталығының филиалын ашу жобасы талқыланды.

    Қазіргі таңда жоба бойынша нақты жоспарлар қарастырылуда. Алдағы уақытта Ұлттық балаларды оңалту орталығының делегациясы Қарағанды қаласына барып, болашақ оңалту орталығына арналған нысанды аралайды. Сапар барысында Орталық мамандары балаларды оңалту жұмысын ұйымдастыру, орталықтың құрылымы мен жұмыс бағытын қалыптастыру бойынша кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, өз ұсыныстарын береді.

    Бұл жұмыс өңірдегі ерекше балалардың оңалту көмегіне қолжетімділігін арттыруға және қажетті көмекті өз өңірінде алуына мүмкіндік жасауға бағытталған.

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    • 06
    • 07
    • 08

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию