87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Орталық өкілдері мейіргер ісі мамандарының кәсіби мәртебесі мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелге қатысты

    Астана медицина университеті КеАҚ базасында «Медицина қызметкерінің кәсіби мәртебесі туралы заңды қабылдау аясында мейіргер ісі мамандарының кәсіби мәртебесін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ атынан мейіргер ісі жөніндегі директор Райхан Тлеулинова және № 1 «Бөбек» психоневрология бөлімшесінің аға мейіргері Айжан Алтынбекова қатысты.

    Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мейіргер ісі мамандарының кәсіби мәртебесін арттыру, еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіру, құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессияның алдын алу, сондай-ақ кадр әлеуетін нығайту және кәсіби жауапкершілікті арттыру мәселелерін талқылады.

    Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстандағы мейіргер ісін дамытудың алдағы перспективаларына ерекше назар аударылды.

    Осындай кәсіби алаңдар тәжірибе алмасуға, саланың өзекті мәселелерін талқылауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді.

    • 01
    • 02
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию