2026 жылғы 30 қазанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ-ға келіп, Орталықтың пациенті Захар Колесниченкоға «Алиса» дауыстық көмекшісі орнатылған «Яндекс Станция» ақылды колонкасын табыс етті.
Захар Орталықта тұрақты түрде оңалту курсынан өтіп тұрады, сондай-ақ ол өзінің шығармашылық қабілетін белсенді түрде дамытып келеді. Ағымдағы жылдың қазан айында жас өнерпаз Бельгия Королі Филипп пен Матильда патшайымның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өткен салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен жоғары мәртебелі қонақтардың алдында ән айтқан еді.
Ұлттық балаларды оңалту орталығы «Зекет және Қайырымдылық» қорына көпжылдық жемісті ынтымақтастық үшін және оңалтудан өтіп жатқан балаларға үнемі қолдау көрсетіп жүргені үшін алғыс білдіреді.



