19 қарашада Астанада өткен Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясына (ТҮРКПА) мүше елдер парламенттерінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитеттері төрағаларының үшінші отырысы аясында шетелдік делегация өкілдері Ұлттық балаларды оңалту орталығына келді.
Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Жұлдыз Данбаева мен Арман Жансеңгіров, Қырғыз Республикасы Парламентінің Еңбек, денсаулық сақтау, әйелдер және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Гулкан Молдобекова және комитет мүшесі Мавлюда Албердиева болды.
Сапар барысында қонақтар Орталықтың оңалту бөлімдерін аралап, балаларға көрсетілетін кешенді оңалту көмегінің ұйымдастырылуымен, мамандардың жұмысымен және заманауи медициналық технологияларды қолдану тәжірибесімен танысты.




