87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

Басқарма төрағасының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 29.06.1973

Орындайтын функциялары:

  1. Мына бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді және тікелей бақылайды:
  2. ғылым және білім басқармасы;
  3. клиникалық оңалту басқармасы;
  4. әлеуметтік-педагогикалық оңалту басқармасы;
  5. ақылы оңалту бөлімі;
  6. дәріхана.
  7. Мына мәселелерге жетекшілік етеді:

1) Қоғамның медициналық және оңалту көмегін ұйымдастыру, клиникалық, білім беру және ғылыми қызметінде халықаралық сапа, қауіпсіздік және пациентке бағдарланған стандарттарды енгізу;

2) Қоғамда көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігін бақылау;

3) диагностикалық, емдік және оңалту шараларының сапасын бақылау;

4) Қоғамның медициналық және педагогикалық персоналының уақтылы оқытылуын (біліктілігін арттыру, қайта даярлау, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, тағылымдамадан өту, сертификаттау циклдары және т.б.) бақылау;

5) ерте мүгедектікті төмендетуге, ауру балалар мен жасөспірімдер ағзасының бұзылған  қызметін қалпына келтіруге бағытталған оңалту іс-шараларын Тіршілік әрекеті мен денсаулықтың жұмыс істеуінің, шектелулерінің халықаралық сыныптамасы (ЖХС) өлшемшарттары негізінде жетілдіру (жақсарту);

6) халықаралық және отандық ғылыми-практикалық конференциялар, конгрестер, форумдарға қатысу арқылы шетелдік және отандық клиникалардың ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижелерін енгізу;

7) басқа емдеу-профилактикалық және медициналық бағыттағы ұйымдары (мекемелердің) мамандарының (сарапшылары) консультация, дәріс қызметін ұйымдастыру;

8) Қоғам ғимараттары мен үй-жайларында қауіпсіздік ережелері мен қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жетекшілік ететін бөлімшелерінің Азаматтық қорғаныс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімшесімен өзара іс-қимылы;

9) ақылы медициналық қызметтерді дамыту;

10) Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын медициналық қызмет түрлеріне қатысты рұқсат құжаттарды (лицензиялар, рұқсаттар, хабарламалар және т.б.) уақтылы алуы және ұзартуы;

11) жетекшілік ететін бағыттар мен мәселелер бойынша Қоғамның ішкі және нормативтік құжаттарын әзірлеуді;

12) қолданыстағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру және оларды жетілдіру, сондай-ақ медициналық қызметтің жаңа және заманауи әдістерін іздеу және енгізу;

13) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер бастамашы болған шарттар бойынша шарт міндеттемелерінің орындалуы;

14) пациенттер мен олардың күтушілерін тамақтандыруды қамтамасыз ететін аутсорсинг компаниялардың (ас блогы) қызметін;

15) өзі жетекшілік ететін мәселелер мен бағыттар бойынша Қызылорда филиалының қызметін.

  1. Қоғамның келесі құжаттарын бекітеді және қол қояды:
  2. жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің (бөлімше басшыларын қоспағанда) лауазымдық нұсқаулықтары;
  3. ғылыми қызмет мәселелері бойынша орындалған жұмыстар актісі (қызмет көрсету актісі, Р-1 нысаны);
  4. медицина мәселелері бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер, тауарларды сатып алу) актісі;
  5. МӘМС және ақылы білім беру қызметтері бойынша жеткізілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған актілер;
  6. ақылы медициналық қызметтер бойынша жеткізілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған актілер;
  7. жетекшілік ететін мәселелер мен бағыттар бойынша жеке және заңды тұлғалармен, оның ішінде мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен (органдармен), ұйымдармен және кәсіпорындармен жүргізілетін хат-хабар (хаттар, сұраулар, хабарламалар, шағымдар мен өтініштерге жауаптар және өзге де шығыс хат-хабар).

Қоса атқаратын лауазымы: жоқ

Мамандығы: 

Балалар неврологі

Балалар неврологиясы бойынша - жоғарғы санат,

Медициналық оңалту және физикалық медицина – екінші санат,

Денсаулық сақтау саласындағы менеджер – екінші санат.

Білімi:
Қарағанды мемлекеттік медицина институты, педиатрия факультеті, 1996 жыл.

Жұмыс өтілі: 29 жыл

  • №2 Қалалық балалар ауруханасы – Директордың медициналық қызметтердің сапасын бақылау және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары (01.04.2024–17.06.2024 жж.)
  • «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ – бөлім меңгерушісі (01.03.2012–01.04.2024 жж.)

Жетістіктері:

ҚР ДСМ физикалық медицина және оңалту бойынша штаттан тыс бас маманы (балалар)

«Қазақстан Республикасында медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын» әзірлеуге қатысқан

Медициналық оңалтудың клиникалық хаттамаларын әзірлеуге қатысқан

Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын «Жұқпалы агенттердің қоршаған ортаға және әлеуметтік ортаға әсерін факторлық талдау және диета терапия арқылы алиментарлы-дистрофиялық синдромдарды түзету» жобасына қатысушы (2024 жылғы 1 қаңтар - 2026 жылғы 31 желтоқсан).

Сиань қаласындағы (ҚХР Шэньси провинциясы) ми ауруларын емдейтін ауруханада дәстүрлі қытай медицинасы саласы бойынша тәжірибе алмасу, 2024 жыл.

Марапаттары:

2023 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»  төсбелгісі;

2017 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі.

Ғылыми мақалалары:

Оңалту саласындағы 10-нан астам ғылыми жарияланымның авторы.

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию