87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

Басқарушы директор

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 22.06.1974

Орындайтын функциялары:

1. Мына бөлімдердің жұмысын тікелей үйлестіреді және бақылайды:

- эпидемиологиялық бақылау бөлімі;

- азаматтық қорғаныс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау секторы;

- медициналық туризм және сервис бөлімі;

- пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі;

- кеңсе;

- кір жуу орны.

2. Мына мәселелерге жетекшілік етеді:

Қоғамдағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, гигиеналық және індетке қарсы шараларды жүргізу, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуы; Қоғам ғимараттарының күзеті мен қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Қоғам қызметкерлерінің еңбекті қорғау талаптарын орындауын қадағалау; санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау; Қоғам жүзеге асыратын қызмет түрлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат құжаттарды (лицензиялар, рұқсаттар, хабарламалар және т.б.) уақтылы алу және ұзарту; қарастыратын мәселелер мен бағыттар бойынша Қоғамның ішкі және нормативтік құжаттарын әзірлеуді; ұлттық және халықаралық (JCI) аккредитация стандарттарын енгізу және сақтау; медициналық туризмді және халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ынтымақтастық туралы меморандум жасасу; Қоғамда госпиталь сервисі стандарттарын енгізу; көрсетілетін диагностикалық, емдік және оңалту қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету; Қоғамда жоғары өнімді және қауіпсіз еңбекке қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау; Сапаны және пациент қауіпсіздігін басқару бағдарламасын, сапа бойынша нәтижеліліктің түйінді көрсеткіштерін (НТК) әзірлеу; НТК бағдарламаның енгізілуі бойынша тоқсан сайын мониторинг жүргізу; жетекшілік ететін бағыттары бойынша Қоғамның ғимараты қауіпсіздігі және тәуекелдерді басқару бағдарламасын әзірлеу; инциденттерді, шағымдар мен өтініштерді басқару; көрмелерге, халықаралық конференцияларға және басқа іс-шараларға қатысу; ғимараттардың күзеті мен қауіпсіздігін, клининг қызметін қамтамасыз ететін аутсорсинг компаниялар қызметін; пациенттер мен олардың күтушілерін тамақтандыруды қамтамасыз ететін аутсорсинг компаниялар (тамақтандыру блогы) қызметін; Қоғамдағы жұмыс әдістерінің жаңа түрлерін енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру; іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру; Қоғамның тұрғын емес үй-жайларын жалға (арендаға) беруді ұйымдастыру;  жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер бастамашы болған шарттар бойынша шарт міндеттемелерінің орындалуы;  жетекшілік ететін мәселелер мен бағыттар бойынша Қызылорда филиалы қызметін; кір жуу қызметінің ұйымдастырылуы.

Қоғамның келесі құжаттарын бекітеді және қол қояды:

жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің (бөлімше басшыларын қоспағанда) лауазымдық нұсқаулықтарын; өзі жетекшілік ететін мәселелер мен бағыттар бойынша жеке және заңды тұлғалармен жүргізілетін хат-хабарларды (хаттар, сұраулар, хабарламалар, шағымдарға жауаптар және басқа шығыс корреспонденция); жетекшілік ететін мәселелер мен бағыттар бойынша орындалған жұмыстар актілері; жетекшілік ететін мәселелер мен бағыттар бойынша Қоғамның бұйрықтары (қажет болған жағдайда, Қоғамның Басқарма төрағасымен келісе отырып).

Мына комиссиялардың жұмысына төрағалық етеді және ұйымдастырады:

Этикалық комиссия; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі комиссия; Ғимарат қауіпсіздігі және тәуекелдерді басқару комиссиясы; Мемлекеттік рәміздерді ауыстыру және жою жөніндегі комиссия; Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар лауазымдар мен жұмыстарды анықтау жөніндегі комиссия; Еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттауды ұйымдастыру жөніндегі аттестациялық комиссия; жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы конкурстың комиссия.

Қоса атқаратын лауазымы: жоқ

Білімі:

1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясы, «Педиатрия»

2011 жылы Алматы халықаралық бизнес университеті  «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратура

Жұмыс өтілі: 26 жыл

2023 жылдан осы күнге дейін – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ, Басқарушы директор.

2021–2023: «Назарбаев Университеті» ДБҰ – ғылыми қызметкер.

2022 ж. - «Sport Medicine and Rehabilitation Center «Pro Sport» ЖШС, бас менеджер.

2019–2022:  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті» қоғамдық бірлестігі, жетекші менеджер.

2016–2019: «Назарбаев Университеті» ДБҰ«University Medical Center» корпоративтік қорының Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті және Стандарттау департаментінің аға менеджері, бас менеджері.

2013–2015: «Назарбаев Университеті» ДБҰ «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Стратегиялық даму департаменті және Стандарттау және медициналық  көмек сапасын бақылау департаменттерінің менеджері.

2011–2013: «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ маманы, бас маманы.

2006–2011: «Астана медицина университеті» балалар аурулары кафедрасыныың ассистенті.

2001–2005: Қандыағаш қаласындағы орталық аудандық ауруханасында педиатр дәрігер.

1999–2001: Ақтөбе медицина колледжінде «Педиатрия» пәнінің оқытушысы.

1997–1998: Ақтөбе қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру факультеті базасында Интерн дәрігер.

Жұмыс тәжірибесі:

1) «ҚР Ұлттық Олимпияда комитеті» қоғамдық бірлестігі, жетекші менеджер (08.06.2019-05.03.2022);

2) «Sport Medicine and Rehabilitation Center «Pro Sport» ЖШС, мемлекеттік қызметтер бойынша аға менеджер (01.04.2022-15.08.2022);

3) «Назарбаев Университеті» ДБҰ, ғылыми қызметкер (01.09.2022-01.04.2023).               

Жетістіктері:

«ҚР ҰОК спортшыларын генетикалық тестілеу» жобасын іске асыру (2020–2021).

2008 жылы UPMC клиникалық менеджмент саласындағы оқу (АҚШ, Питтсбург).

2015 жылы Швейцарияда Госпиталь сервисі моделі бойынша курстан өтті.

Марапаттары:

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;

2015 жылы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің Құрмет грамотасы;

Отандық және шетелдік журналдарда мақалалары жарияланған.

 

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию