87085036573   

8(7172)267-107
CALL орталығы
511-555, 511-612, 87085036573
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

Аутистік спектрінің бұзылысы (АСБ) кезіндегі оңалту

Аутизм деген не?

Аутизм (АСБ) — мидың дамуындағы ерекшелік, ол адамның қабылдауына, мінез-құлқына, қарым-қатынас жасауына және әлеуметтенуіне әсер етеді. Адамның мұндай күйі өмір бойы сақталады, ол әркімде әртүрлі байқалады және жеке әдіс-тәсілді қажет етеді.

Қазақстанда 15 000 астам балаға аутизм диагнозы қойылған, олардың саны жылдан жылға  11–17% артып келеді. Ерте анықтап, уақытында көмек көрсету осы диагнозы бар балалардың дамуында шешуші рөл атқарады.  

 Аутизм кезінде оңалтудың маңызы неде?

Аутизм «емделмейді», дегенмен баланың дамуын және өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға болады. Оңалтудың пайдасы:

  • коммуникация және әлеуметтік дағдыларын дамытады
  • мінез-құлық ерекшеліктерін түзетеді
  • өз өзіне қызмет ету дағдысын үйренеді
  • күнделікті баламен жұмыс істеуде ата-анаға қолдау көрсетіледі.

Біздің Орталықта  мультипәндік топтың қатысуымен кешенді түзету бағдарламасы жүзеге асыралады.

Аутизм диагностикасы

Тиімді араласу сапалы диагностикадан басталады:

  • Скрининг: M-Chat (16 айдан бастап 30 айға дейін)
  • Халықаралық стандарттар: ADOS, ADI-R
  • Аспаптық әдістер: ЭЭГ, МРТ (қосымша бұзылыстар болған жағдайда)
  • Когнитивтік, сөйлеу және сенсорлық функцияларын бағалау

Оңалту әдістері      

  1. Мінез-құлық терапиясы
  • ABA (мінез-құлқына қолданбалы талдау жүргізу) — жоғары дәлелдеме базасы бар әдіс
  • JASPER — ойнау, бірлескен зейін және коммуникация
  1. Логопедиялық және сенсорлық түзету
  • Логопед пен дефектологтың сабақтары
  • Сенсорлық интеграция
  • Ойын және музыка терапиясы
  1. Психологиялық және педагогикалық қолдау
  • Жеке және отбасылық консультация
  • Ата-аналарды оқыту (EarlyBird бағдарламасы)
  • Эмоция мен зейінді реттеу жұмысы
  1. Қосымша әдістер
  • Эрготерапия, ЕДШ, роботталған оңалту
  • Физиотерапия (көрсетілім бойынша)
  • Мультисенсорлық сабақтар

Сүйемелдеу сатылары

  1. Ерте араласу (3 жасқа дейін)
  • Алғашқы белгілерін анықтау
  • Базалық коммуникация, сөйлеу және еліктеу дағдыларын қалыптастыру
  • Ата-аналарды оқыту
  1. Түзету жұмыстары (3 жастан 7 жасқа дейін)
  • Әлеуметтік және білім алу дағдыларын дамыту
  • Балабақшаға, мектепке бейімдеу  
  1. Сүйемелдеу және әлеуметтендіру (7 жастан 18 жасқа дйін)
  • Жеке даму маршруттары
  • Білім алуда, әлеуметтенуде, кәсіби бағдар беруде қолдау көрсету

Баламен қандай мамандар жұмыс істейді?

Оңалтуға қатысатын мамандар:

  • балалар неврологі
  • психотерапевт, психолог
  • логопед, дефектолог
  • эрготерапевт
  • ЕДШ нұсқаушысы
  • ABA-терапия маманы
  • сүйемелдеуші тьютор және педагог (көрсетілімдер бойынша)

Неліктен бізді таңдайды?

  • Аутизм диагностикасының және түзетудің заманауи әдістері
  • Әр балаға жеке бағдарлама
  • Ата-аналарды оқыту және қолдау
  • Мультипәндік тәсіл
  • Жайлы әрі мейірімді орта

 

Мекенжай: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 36

Телефон: +7 (708) 503-65-73

WhatsApp: +7 (700) 753-03-09

 

Дамуға апарар жолды бүгіннен бастаңыз!

Аутизм кезінде оңалтуды неғұрлым ерте бастаса, баланың әлеуетін ашу және бүкіл отбасының өмір сапасын жақсарту мүмкіндігі де соғұрлым  жоғары болады.

 

 

200.png
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp instagram youtube facebook Запись на консультацию