87085036573   

    Image

    Басқарма Төрағасы

    Орындайтын функциялары:

    1. Басқарма төрағасы өз құзыреті шегінде:

    - Қоғамға жалпы басшылық жасайды, Басқарма жұмысын басқарады;

    - Ғылыми кеңестің, адами ресурстарды басқару бөлімінің, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің және баспасөз хатшысының жұмысын тікелей үйлестіреді және бақылайды;

    - Қызылорда филиалының жұмысын жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.

    2. Өз құзыреті шегінде мына құжаттарға қол қояды және бекітеді:

    1) Қоғамның бұйрықтары, ішкі және нормативтік құжаттары;

    2) шарттар, келісімдер, келісімшаттар, меморандумдар, төлем тапсырмалары, төлемдер тізілімі және өзге де құқықтық және қаржылық құжаттар және Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметі мәселелері бойынша шарттар;

    3) мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттар;

    4) Қоғамның үшінші тұлғалармен қатынастарында оның атынан қатысу құқығын беретін сенімхаттар;

    5) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер;

    6) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері басшыларының лауазымдық нұсқаулықтары.

    1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қоғам қызметкерлерін қабылдауды, ауыстыруды, қызмет орнын ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады.
    2. Қоғам қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза шараларын белгілейді.
    3. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес, Қоғам қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді (Қоғам Басқармасының құрамындағы, Қоғамның Ішкі аудит қызметі, Қоғамның Комплаенс қызметі қызметкерлерін және Корпоративтік хатшысын қоспағанда).

    Қоса атқаратын лауазымдары: жоқ

    Мамандығы:

    Педиатрия. Педиатр дәрігер.

    Мемлекеттік және жергілікті басқару. Менеджер.

    Іскерлік әкімшілендіру. Іскерлік әкімшілендіру магистрі

    Білімі:

    1992 жыл - Ақтөбе мемлекеттік медицина институты

    2007 жыл – Ш. Есенов атындағы Атырау университетінің Ақтау филиалы

    2015 жыл – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU)

    Жұмыс өтілі: 33 жыл

    • ҚР Денсаулық сақтау министрі (04.04.2023–06.02.2024 жж.)
    • ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі (01.06.2020–11.01.2022 жж.)
    • ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы, Басшының орынбасары (04.09.2017–26.06.2020 жж.)

    Марапаттары:

    2013 жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің  Құрмет грамотасы;

    2021 жыл – «Құрмет» ордені

     

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию