87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

Церебралдық паралич (ЦП) дегеніміз не?

ЦП — қимыл-қозғалыстың шектелуіне алып келетін және тепе-теңдікті сақтауда қиындық тудыратын асқынбайтын ауру. Ол көбінесе жүктілік барысында, босану кезінде немесе өмірінің алғашқы жылдарында бала миының зақымдануымен немесе толық қалыптаспауымен байланысты. Ауру көбіне мынадай ерекшеліктермен қатар жүреді: әлеуметтену мен оқудағы кідіріс, сөйлеу бұзылыстары немесе тамақ ішудегі қиындықтар.

Қандай белгілері болады?

Диагноз әдетте 1 жасынан бастап қойылады. ЦП көбінесе келесі белгілер арқылы байқалады:

  • қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгерудің кешеуілдеуі (басын ұстау, аунап түсу, отыру, еңбектеу, жүру);
  • бұлшықеттің қатаюы (спастика) немесе керісінше әлсіздігі;
  • қимыл-қозғалыс асимметриясы (мысалы, еңбектегенде бір жақ қол-аяғымен итеріліп, екінші қол-аяғын сүйрету);
  • тепе-теңдікті сақтау қиындығы, шайқалып жүру, жиі құлау;
  • еріксіз қимылдар жасау — діріл, тартылу, тырысу;
  • сөйлегенде және жұтқанда қиналу;
  • көру қабілетінің бұзылуы (мысалы, қылилық);
  • ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі және оқуда қиналу.

Маяызды: бұл белгілер әр балада әрқилы көрініс табуы мүмкін. ЦП белгілері жеңіл де, айқын да болуы мүмкін.

Көмек бағыты: диагностикадан терапияға дейін     

Педиатр баланы қарап-тексеріп, дамуы туралы ақпарат жинағаннан кейін ЦП болуы мүмкін деген болжам жасауы мүмкін. Бірақ кішкентай балалардың даму қарқыны әртүрлі болғандықтан, кейде өмірінің алғашқы жылында нақты диагнозды қою қиынға соғады.

Баланы оңалту мәселесі әрдайым кешенді түрде қаралады және оған бірнеше маман қатысады: невролог, реабилитолог, физиотерапевт, ортопед, логопед және психолог. Әр балаға жеке таңдалады және көбінесе ерте араласу бағдарламаларынан басталады.

Негізгі әдістері:

  • массаж элементтері бар емдік дене шынықтыру (ЕДШ);
  • ботулинотерапия – спастиканы азайту үшін;
  • дәрілік терапия – қимылды және дененің құрысуын бақылау үшін;
  • физиотерапия және эрготерапия – қимыл-қозғалысты және тұрмыстағы белсенділікті жеңілдететін жаттығулар мен арнайы әдістемелер;
  • ортопедиялық құралдар – ортездер, вертикализатор, жүру арбасы, мүгедектер арбасы және басқа да қозғалыс құралдары;
  • роботтандырылған оңалту (Фаэтон костюмі; биологиялық кері байланыс (БКБ) арқылы жаттығу; D-Wall Elite цифрлық платформасындағы жаттығулар; локомоторлық терапия; роботтандырылған аппараттардағы жаттығулар, оның ішінде Cosmos эргометриялық оңалту жүйесі, экзоқаңқа, Hand Tutor тренажері, Syrebo ұсақ моторикаға арналған тренажерлері, қолды және когнитивтік интеграцияны дамытуға арналған Zepu-SG3 жаттығу жүйесі, қол қимылын қалпына келтіруге арналған Rebress planar және Armeo роботтандырылған терапиясы);
  • механотерапия;
  • иппотерапия;
  • диеталық қолдау – қажет болған жағдайда

Ата-ана қалай көмектесе алады? 

  • оңалту үдерісіне белсене қатысу;
  • мамандар көрсеткен жаттығулар мен кеңестерді үйде де, Орталықтағы сабақ барысында да бірге орындау;
  • бақылау тексерістерінен жүйелі түрде өткізіп тұру;
  • балаға эмоциялық қолдау мен сенімділік сыйлау.

Көмекті қайдан іздеуге болады?

Ұлттық балаларды оңалту орталығында ЦП бар балаларға ерте диагностика және кешенді оңалту жүргізіледі. Біздің мамандар халықаралық бағдарламалар бойынша дайындықтан өткен және ерекше қолдауды қажет ететін балалармен жұмыс тәжірибесі бар.

Телефон: +7 708 503 65 73

WhatsApp: +7 700 753 03 09

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию