87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

Балалардағы есту қабілетінің бұзылыстары: ерте белгілері, диагностикасы және кохлеарлық имплантациядан кейінгі оңалту

Балаңыздың нашар еститінін немесе дыбыстарға елеңдемейтінін байқасаңыз, өздігімен емделіп кетеді деп күтпеңіз. Маманның көмегіне жүгініңіз!

 Есту қабілеті бұзылыстарын ерте анықтау және түзету – баланың өз қатарластарынан қалмай дамуына, сөйлеуіне және білім алуына мүмкіндік береді.

Балалардағы есту қабілеті бұзылысының ерте белгілері

1 жасқа дейін:

  • қатты дыбыстардан шошымайды;
  • анасының дауысына немесе ойыншықтың дыбысына елеңдемейді;
  • былдырламайды және дыбыстарды қайталамайды;
  • 6 айдан кейін жаңа дыбыстар шығаруды тоқтатады.

1 жастан кейін:

  • аты аталғанда қарамайды;
  • сөйлегенде жауап бермейді;
  • аз сөйлейді немесе мүлде сөйлемейді;
  • қайталап сұрай береді;
  • құлағы жиі ауырады (отит).

Балаңыз дыбыстарға елеңдемесе немесе сөйлеуі кешеуілдесе, бұл құлақ мүкістігінің алғашқы белгісі болуы мүмкін. Дәрігерге мүмкіндігінше ертерек алып барыңыз!

Есту қабілеті бұзылысын ерте анықтаудың маңызы неде?

Есту – сөйлеу мен ойлаудың негізі. Бала дұрыс естімесе, сөздерді түсінуі, қайталауы және сөйлеуді үйренуі қиындайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша, есту қабілетінің бұзылысы 6 айға дейін анықталып, уақытылы көмек көрсетілген және оңалтудан өткен баланың дамуы қатарластарымен бірдей болады.

Балалардың есту қабілетін тексеру

1. Баланы ЛОР дәрігерге немесе сурдологқа алып барыңыз.

Маман есту дәрежесін анықтау үшін тексеру жүргізеді.

2. Аудиологиялық тексеруден өтіңіз.

Заманауи әдістер тіпті жаңа туған нәрестелердің құлағын ауыртпай тексеруге мүмкіндік береді.

3. Диагноз қойылғаннан кейін дереу емді бастаңыз.

Бала есту аппараты немесе имплант арқылы неғұрлым ертерек ести бастаса, соғұрлым тезірек сөйлей бастайды.

Кохлеарлық имплантация — есту қабілеті нашар немесе толық жоғалған балалардың естуін қалпына келтірудің тиімді әдісі. Алайда имплант орнату – тек алғашқы қадам ғана.

 

Кохлеарлық имплантациядан кейінгі оңалту - бұл ұзақ әрі кезең-кезеңімен өтетін үдеріс, оның мақсаты – баланы:

  • дыбыстарды ажыратуға,
  • сөзді түсінуге,
  • өз бетінше сөйлеуге үйрету.

Түзету бағыттары

Бағыт

Нені білдіреді

Балаға көмегі

Медициналық көмек

Құлақ ауруларын емдеу, аппарат таңдау

Дыбысты қабылдауын жақсартады және естудің нашарлауынан сақтайды

Есту аппаратымен протездеу

Есту аппараты немесе кохлеарлық имплант пайдалану

Сөзді, музыканы және айналадағы дыбыстарды естуге мүмкіндік береді

Логопед-сурдопедагог

Балаға дыбыстарды, сөздерді қабылдап айтуды үйрету

Тілін дамытады және тілді түсіну қабілетін дамытады

Психолог пен педагог

Баланың балабақшада, мектепте және қоғамда бейімделуіне жәрдемдесу

Өзіне сенімді болуға және қарым-қатынас жасауға көмектеседі

Ата-ана

Үйде сөйлесу, кітап оқу, ән айту

Баланың жетістігін бекітеді және жағымды орта қалыптастырады

Ұлттық балаларды оңалту орталығында кохлеарлық имплантациядан кейінгі балаларды оңалту емі жүргізіледі. Балалармен халықаралық заманауи бағдарламалар бойынша дайындықтан өткен тәжірибелі логопедтер, сурдопедагогтар және психологтар жұмыс істейді.

Біз балалардың:

  • имплантациядан кейін дыбыстарды қабылдауына;
  • есту қабілетін дамытуға;
  • алғашқы сөздері мен сөйлемдерін қалыптастыруға;
  • қарым-қатынасты жақсартуына және өзіне сенімділігін арттыруға көмектесеміз.

Толығырақ ақпаратты «Кохлеарлық имплантациядан кейінгі оңалту» бөлімінен оқыңыз.

Есту қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарына кеңестер

  • Балаңыз естімейтіндей көрінсе де, онымен мүмкіндігінше жиі сөйлесіңіз, ол мидың дыбыстарды ажыратуына көмектеседі.
  • Ым-ишараны, мимиканы және суреттерді қолданыңыз, олар түсінуді жеңілдетеді.
  • Баланы әр жетістігі үшін мақтап отырыңыз - ата-ананың қолдауы мен сабырлы болуы өте маңызды.
  • Мамандарға жүйелі түрде апарып тұрыңыз, табанды жұмыс табысқа жеткізеді.

Ұлттық балаларды оңалту орталығына келіңіз!

Біз балаңыздың естіп, түсініп, сөйлеп кетуіне көмектесеміз! 

Телефон: 8 708 503 65 73

WhatsApp: 8 700 753 03 09

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию