Балалардағы эпилепсия кезіндегі кетогендік диета

Эпилепсия — балалар арасында кең таралған неврологиялық аурулардың бірі. Дүниежүзінде бұл диагнозбен 50 миллионнан астам адам өмір сүреді (ДДҰ деректері бойынша), олардың едәуір бөлігі - балалар.
Эпилепсияны көп жағдайда дәрілік препараттармен бақылауда ұстауға болады, бірақ кейде 2–3 дәрі күтілген нәтиже бере бермейді. Мұндай жай-күйді дәрігерлер дәріге төзімді (резистентті) эпилепсия деп атайды.
Осындай жағдайларда көмектің бір нұсқасы ретінде кетогендік диета (КД) қолданылуы мүмкін, бұл шамамен 100 жыл бойы қолданылып келе жатқан арнайы емдік тамақтану жүйесі (deCampo, D. M., & Kossoff, E. H., 2019). Ол балалардағы құрысулардың жиілігін азайту мақсатында тағайындалады.
Бұл мақалада кетодиетаның қалай әсер ететіні, кімдерге сәйкес келетіні және оны қалай қауіпсіз қолдануға болатынын түсіндіреміз.
Кетогендік диета дегеніміз не?
Кетогендік диета — бұл майдың мөлшері өте жоғары (авокадо, жұмыртқа, май, жаңғақ, балық, кілегей, майлар), көмірсуы өте аз (нан, жеміс, картоп, макарон өнімдері, тәттілер), ал ақуыз (ет, құс еті және т.б.) орташа мөлшерде болатын тамақтану түрі.
Осындай арақатынастың нәтижесінде баланың ағзасы энергияны көмірсудан емес, майдан ала бастайды. Бұл кезде бауырда кетон денелері түзіледі, олар мидың негізгі «отынына» айналады.
Зерттеулерге сәйкес, кетондар ми жасушаларының (нейрондардың) шамадан тыс электрлік белсенділігін төмендете алады, бұл құрысу разрядтарына бейімділікті азайтады.
Эпилепсия кезінде кетодиета қалай көмектеседі?
Қазіргі ғылыми деректер кетондардың:
- ми жасушаларының жұмысын тұрақтандыратынын;
- мидағы сигналдардың берілуіне әсер ететінін;
- энергия алмасуын жақсартатынын;
- қозу мен тежелуге байланысты мидағы импульс таратқыштардың (нейромедиаторлардың) жұмысына әсер ететінін көрсеткен.
Осының бәрі бірігіп, құрысулардың жиілігін азайтады.
Бұл бір әмбебап не дәріні алмастыратын әдіс емес, алайда дұрыс қолданылған жағдайда — шынымен тиімді құрал.
Диетаны кімдерге қолдануға болады?
Халықаралық ұсынымдар (ILAE, Cochrane):
- дәріге төзімді эпилепсиясы бар балаларға;
- әсіресе 2 немесе одан да көп препарат жеткілікті нәтиже бермеген жағдайда;
- эпилепсияның кейбір генетикалық және метаболикалық түрлері бар балаларға (мысалы, GLUT1 тапшылығы — глюкозаны миға тасымалдайтын ақуыздың жетіспеушілігі).
Кетодиетаны невролог пен диетолог тағайындайды және ол мамандардың бақылауымен ғана жүргізіледі.
Тиімділігі
Халықаралық шолулар мен ірі клиникалық зерттеулердің деректері бойынша:
- кетодиетадағы балалардың жартысында ұстамалардың жиілігі 50% және одан да көпке азаяды (Pizzo және т.б., 2022);
- балалардың 10–15%-ында ұстамалар толық тоқтауы мүмкін (Ünsal Yılmaz және т.б., 2022);
- кейде оң өзгеріс алғашқы 3–6 апта ішінде байқалады, бірақ нәтиже көбіне 2–3 айдан кейін бағаланады (Anna Lecticia Pinto және т.б., 2024).
Әсері жеке ерекшеліктерге байланысты: кейбір балаларға диета өте жақсы көмектеседі, кейбіріне орташа, ал кейбіреуіне мүлде сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Маңызды: кетогендік диета — емдік диета, сондықтан бақылауды талап етеді
Мынадай қиындықтар туындауы мүмкін:
- іш қату;
- дәрумендер мен және минералдар тапшылығы;
- холестерин деңгейінің өзгеруі;
- тәбеттің төмендеуі;
- рационды таңдаудағы қиындықтар.
Сол себепті:
- тұрақты талдау жасап отыру;
- диетологтың сүйемелдеуі;
- рационды түзету;
- ата-аналарды, мектепті оқыту қажет.
Кетодиета қалай басталады?
Әдетте үдеріс келесідей өтеді:
- Неврологтың консультациясы: жағдайды бағалау, ауру тарихын талдау.
- Диетологиялық бағалау: бойы, салмағы, тамаққа қалауы, зертханалық көрсеткіштері.
- Диета түрін таңдау: классикалық 4:1, 3:1, MCT, модификацияланған.
- Біртіндеп немесе стационарлық бастау: баланың жағдайын бақылау үшін.
- Үздіксіз сүйемелдеу: кетондарды, талдауларды, ас мәзірін бақылау.
Отбасына әр кезеңінде нұсқаулықтар, рецептілер, рұқсат етілген өнімдер тізімі беріліп, қолдау көрсетіледі.
Ата-аналарға арналған практикалық кеңестер
- Диетаны өз бетіңізше бастамаңыз, тек дәрігермен бірге бастау керек.
- Мектепті/ балабақшаны дайындаңыз: рационды қатаң сақтаудың маңызын түсіндіріңіз.
- Тіскебасарларды алдын ала ойластырыңыз, олар кетон деңгейінің тұрақты болуы үшін маңызды.
- Күнделік жүргізіңіз: тағам, көңіл күй, ұйқы, ұстамалар.
- Әсері бірден болмаса, көңіліңіз түспесін. Ағзаға уақыт қажет.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Нәтиже қашан байқалады?
Әдетте алғашқы өзгерістер 3–6 аптада көрінеді, ал қорытынды нәтиже 3 айдан кейін бағаланады.
- Дәрілерді тоқтатуға бола ма?
Жоқ. Дәрілерді тек невролог қана тоқтата алады.
- Егер бала диетаны бұзса не істеу керек?
Бір реттік жағдай қауіпті емес, бірақ жағдайы нашарласа, міндетті түрде маманға хабарлау қажет.
- Диета баланың өсуіне зиян келтірмей ме?
Дұрыс сүйемелдеп отырса, зияны жоқ. Бірақ ақуыз, дәрумендер мен минералдардың көрсеткішін бақылап отыру қажет.
- Диета қанша уақытқа созылады?
Ұзақтығы дәрігердің шешіміне, әсеріне және баланың жағдайына байланысты.
Біздің модуль: «Эпилепсия және басқа да аурулар кезіндегі кетогендік диета»
Ата-аналар барлық үдерісті өз бетімен меңгеруге уақыт жоғалтпас үшін, біз қауіпсіз әрі мамандардың бақылауымен өтуге көмектесетін арнайы модуль әзірледік.
Модуль аясында Сіз мыналарды ұсынамыз:
- 5 күндік стационар;
- невролог пен диетологтың консультациясы;
- кетогендік диетаның жеке жоспары;
- қажет болған жағдайда тамақтануды түзету;
- динамиканы бақылау (түнгі ЭЭГ, қандағы қант талдауы, зәрдегі кетондар талдауы).
Сіз басты нәрсеге, бала денсаулығына ғана көңіл бөлуіңіз үшін, Біз барлық «күрделі» үдерісті өз мойнымызға аламыз.
Ерекше балаларға — ерекше қамқорлық!
📞 Телефон: +7 708 503 65 73
📱 WhatsApp: +7 700 753 03 09


