Даун синдромы бар балалардың диагностикасы мен дамуы: қайдан көмек сұрауға болады?

Балаңыздың бойынан алаңдататын белгілерді байқасаңыз, жалғыз қалмаңыз, көмек сұраңыз. Ерте диагностика мен жүйелі қолдау баланың өмір сапасына және дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Диагностика: Даун синдромын қашан және қалай анықтайды?
Жүктілік кезінде (Пренаталдық диагностика)
- Жүктілік кезінде Даун синдромының (трисомия 21) бар-жоғын бағалауға мүмкіндік беретін скрининг тестілер (қан талдауы мен ультрадыбыстық зерттеу) бар.
- Инвазивті емес пренаталдық тест (ИЕПТ) – бұл жүкті әйелдің қанынан алынатын қауіпсіз талдау. Ол баланың кейбір генетикалық ауруларға (мысалы, Даун синдромы) шалдығу қаупін анықтайды. Тесті жүктіліктің 10-аптасынан бастап жасауға болады, ол балаға зиян келтірмейді және оның дамуындағы ерекшеліктерді дер кезінде анықтауға көмектеседі.
- Дәрігер диагнозды растау үшін арнайы генетикалық тестілерді тағайындай алады: амниоцентез (әдетте 14–18 апта аралығында) немесе хорион бүрлерінің биопсиясы (CVS) – шамамен 9–11 аптада).
Туғаннан кейін (Перинаталдық /неонаталдық диагностика)
- Дәрігерлер нәрестенің сыртқы келбеті (бет-әлпет ерекшеліктері) мен бұлшықет тонусындағы (гипотония) ерекшеліктерді байқауы мүмкін.
- Диагноз хромосомаларды талдау (цитогенетикалық талдау/кариотиптеу) арқылы расталады. Бұл үшін нәрестенің венасынан қан алынады.
Мүмкіндігінше ерте анықтаудың маңызы
Қолдауды неғұрлым ерте бастаса, баланың әлсіз жақтарын түзетіп, мықты жақтарын дамытуға мүмкіндік те соғұрлым көп (тілдік даму, қимыл-қозғалыс, когнитивтік дағдылар).
Даму және түзету: не істеуге болады?
Ерте араласу қағидасы (0–3 жас)
- Бала миының икемділігі — баланың миы алғашқы жылдары сыртқы әсерлерге ерекше сезімтал.
- Зерттеулер көрсеткендей, физиотерапия, моторлық жаттығулар, сөйлеу мен коммуникацияны ынталандыру, ата-анамен бірге өтетін сабақтар – бәрі бірге нақты нәтиже береді.
Даун синдромы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының бағыттары
|
Сала |
Не көмектеседі |
Бұл балаға не береді |
|
Моторика (қимыл-қозғалыс) |
Физиотерапия, жаттығулар, тепе-теңдікке үйрету |
Бала басын жақсы ұстайды, отырады, жүреді, сенімдірек қозғалады |
|
Сөйлеу және қарым-қатынас |
Тіл дамытуға арналған ойындар, «көзбе-көз» байланыс, бірлесе назар қоюды үйрету |
Сөзді түсінуі жақсарады, жаңа сөздер пайда болады, өзгелермен қарым-қатынас жасай бастайды |
|
Ойлау және назар аудару |
Дамытушы ойындар, педагог және психологтың сабақтары |
Бала зейінді болады, есте сақтауды және жаңа ақпаратты түсінуді үйренеді |
|
Әлеуметтік дағдылар және өз бетінше әрекет ету |
Ойын сабақтар, өмірде болатын жағдайларды ойын арқылы қайталау, өз-өзіне қызмет етуді үйрету |
Бала басқа балалармен ойнауды, эмоциясын білдіруді, киінуді және өзіне қарауды үйренеді |
Назар аударуға тұрарлық ерекшеліктер
- Бірлескен назар
Даун синдромы бар балалар көбінесе ересек адам қараған жаққа (мысалы, ойыншыққа немесе кітапқа) назар аударуды оңай үйренеді. Мұны сөйлеу мен қарым-қатынасты тезірек дамыту үшін пайдалануға болады. - Сөйлеу және түсіну
Мұндай балалар көбіне сөзбен айтып жеткізгеннен гөрі ым, мимика және жағдай арқылы жақсы түсінеді. Сондықтан олармен көбірек сөйлесу, көрсету, түсіндіру, тілін біртіндеп дамыту маңызды. - Денсаулық
Даун синдромы бар балаларда жүрек ауруы, есту және көру қабілетінің төмендеуі, қалқанша безі жұмысының бұзылуы жиі кездеседі. Сондықтан оларды дәрігерге апарып, тұрақты түрде тексертіп тұру қажет.
Қайдан көмек сұрауға болады?
- Дамуында ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейтін арнайы оңалту орталықтары.
- Түрлі мамандарды (дәрігер, психолог, дефектолог, логопед, физиотерапевт) тарта отырып, Халықаралық хаттамалар мен дәлелді тәсілдерді қолданатын орталықтар.
- Мүгедектігі бар балалардың отбасыларына арналған мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау жүйелері
- өз қалаңыздағы немесе аймағыңыздағы ата-аналар қауымдастықтары, қорлар мен өзара көмек топтары.
Мақсат — баланың медициналық, түзету, психологиялық және әлеуметтік қолдау сияқты кешенді көмек алуына жағдай жасау.
Біздің Орталығымызға келіңіз!
Ұлттық балаларды оңалту орталығында:
- Даун синдромы бар балаларға арналған ерте оңалту бағдарламалары,
- Халықаралық тәжірибелерге негізделген жеке түзету бағдарламалары,
- Дамуында ерекшелігі бар балалармен жұмыс тәжірибесі бар мамандардан құралған мультипәндік топ,
- Отбасын қолдау: кеңес беру және сүйемелдеу бар.
Телефон: +7 708 503 65 73
WhatsApp: +7 700 753 03 09


