Транскраниалдық магнитті стимуляция (ТМС)

Транскраниалдық магнитті стимуляция (ТМС): ата-аналар нені білуі керек?
Қазіргі медицинада мидың қызметіне жұмсақ әрі қауіпсіз әсер етететін әдістер жиі қолданылады. Осындай әдістердің бірі — транскраниалдық магнитті стимуляция (ТМС).
Біз бұл мақалада ТМС деген не, ол қаншалықты тиімді, балалар үшін қауіпсіз емес пе және ересектерге қолданыла ма деген сұрақтарға түсінікті әрі егжей-тегжейлі жауап береміз.
Транскраниалдық магнитті стимуляция (ТМС) дегеніміз не?
Транскраниалдық магнитті стимуляция — магниттік импульстардың көмегімен мидың қызметін қолдауға бағытталған жұмсақ әрі қауіпсіз әдіс.
Емщара барысында пациенттің басына қысқа магнитті импульстар жіберетін арнайы құрылғы орнатылады. Бұл импульстар емдеу мақсатына байланысты мидың белгілі бір аймақтарының белсенділігін арттыруға немесе төмендетуге ықпал етеді.
Мына маңызды нәрселерді атап өткен жөн:
- емшара хирургиялық араласуды қажет етпейді;
- ми тінін зақымдамайды;
- ауырсыну тудырмайды және анестезияны қажет етпейді.
ТМС-тың дәрімен емдеуден айырмашылығы — нақты сол жерге әсер етеді және ағзаға жүйелік ықпал көрсетпейді.
ТМС қаншалықты тиімді
ТМС тиімділігі «толық сауығу» ретінде емес, келесі көрсеткіштер арқылы бағаланады:
- симптомдардың азаюы;
- когнитивтік функциялардың жақсаруы;
- өмір сапасының артуы;
- балалардың бейімделуі мен оқу қабілетінің жақсаруы.
Кейбір пациенттерде оң динамика тез байқалса, кейбірінде бірте-бірте көріне бастайды. Бұл қалыпты жағдай және ол мидың жеке реакциясына байланысты. ТМС әмбебап шешім емес, алайда кешенді терапия құрамында маңызды көмекші әдіс бола алады.
ТМС-ты балаларға қолдану
Балаларды емдеу тәжірибесінде ТМС баланың жасы мен даму ерекшелігін ескере отырып қолданылады.
Бұл әдіс түрлі неврологиялық және нейропсихологиялық жағдайларда қолданылуы мүмкін, соның ішінде:
- даму бұзылыстарында;
- зейін қою мен оқу қиындықтарында;
- тілдік және когнитивтік бұзылыстарда;
- қатты мазасыздану, тик кезінде, эмоциялық тұрақсыздықта.
ТМС-тың балалар үшін қауіпсіздігі
Ата-аналарды жиі алаңдататын сұрақтардың бірі — әдістің қауіпсіздігі. Медициналық хаттамалар сақталған жағдайда, ТМС қауіпсіз әдіс болып саналады.
Ықтимал жанама әсерлер сирек кездеседі және әдетте жеңіл әрі қысқа мерзімді сипатта болады, мысалы:
- әсер ету аймағындағы жайсыздық сезімі;
- емшарадан кейін аздап шаршау.
Сондықтан ТМС тек дәрігердің бақылауымен және қарсы көрсетілімдерді бағалағаннан кейін жүргізіледі.
ТМС емшарасы қалай өтеді?
- пациент ыңғайлы креслоға жайғасады;
- басына аппараттың катушкасы орнатылады;
- балаларда сеанс орта есеппен 4-тен 12 минутқа дейін, ал ересектерде 10-нан 20 минутқа дейін созылады.
Емшара кезінде бала ояу болады, сөйлесе алады және сеанстан кейін қалпына келу кезеңін қажет етпейді.
ТМС жүргізу туралы шешім:
- дәрігердің консультациясынан кейін;
- диагнозын және жалпы жай-күйін ескере отырып;
- кешенді көмек жоспары аясында қабылданады.
Емдеу курсы орта есеппен 8–10 емшарадан тұрады және күн сайын жүргізіледі.

ТМС-ты қай жерде өтуге болады?
ТМС-ты тиісті лицензиясы және білікті мамандары бар медициналық орталықта өту маңызды.
Біздің Орталықта да балалар мен ересектерге арналған транскраниалдық магнитті стимуляция жүргізіледі, ол үшін хаттамалар жеке таңдалып, дәлелді медицина қағидаттары қатаң сақталады.
Маңызды: курс басталар алдында маманнан консультация алып, көрсетілімдерді бағалау қажет.
Ерекше балаларға — ерекше қамқорлық!
Сұрақ қою және жазылу үшін:
📞 Телефон: +7 708 503 65 73
📱 WhatsApp: +7 700 753 03 09


