Жасөспірімнің денсаулығы: Ересектікке апарар жол

Жасөспірімдік кезеңде ағзада не болады?
Жасөспірімдік кезең – ағзаның барлық жүйелерінде ауқымды өзгерістер жүретін уақыт. Бұл кезеңдегі негізгі міндет – физикалық және психикалық саулықты қолдау, болашақ ересек өмірге мықты негіз қалыптастыру.
Денсаулықтың негізгі аспектілері
Жасөспірім денсаулығы алты негізгі факторға негізделеді:
- Дұрыс тамақтану: Күніне 4–5 рет, 3–4 сағат аралығымен тамақтану ұсынылады. Рацион ақуыздарға (ет, балық, жұмыртқа), күрделі көмірсуларға (жармалар) және талшыққа (көкөністер мен жемістер) бай болуы тиіс. Ұстаным: «Әрдайым тоқ бол!»
- Физикалық белсенділік: Күн сайын кемінде 60 минут орташа немесе белсенді дене жүктемесі қажет. Бұлшықеттерді нығайтып, дене салмағын қалыпты деңгейде сақтауға көмектеседі.
- Дұрыс ұйқы: Жасөспірімге тәулігіне 8–10 сағат ұйқы қажет. Ұйқының жеткіліксіздігі тез шаршауға және күнделікті белсенділіктің төмендеуіне әкеледі.
- Жеке гигиена: Тұрақты түрде душ қабылдау, тері күтімі және тістерді күніне екі рет тазалау – осы жаста қалыптасуы тиіс міндетті әдеттер.
- Психологиялық жайлылық: Сабақ, демалыс және хобби арасындағы тепе-теңдікті сақтау, қарым-қатынас пен демалыс стрессті азайтып, эмоционалдық күйзелістің алдын алады.
- Гормоналдық даму: Гормоналдық өзгерістер (пубертат) әдетте қыз балаларда 8–13 жас аралығында, ал ұл балаларда 9–14 жас аралығында басталады.
Негізгі белгілері:
Өсу қарқынының артуы: бойдың тез өсуі және дене пропорциясының өзгеруі.
Екінші жыныстық белгілер: денеде түктің пайда болуы, қыз балаларда сүт бездерінің дамуы, ұл балаларда дауыс өзгеруі.
Терінің жағдайы: май бездерінің белсенділігі артып, безеудің (акне) пайда болуы мүмкін.
Эмоционалдық өзгерістер: гормондардың (эстроген мен тестостерон) әсерінен көңіл күйдің жиі өзгеруі.
Маңызды: Әр жасөспірімнің даму қарқыны жеке болады. Егер жасөспірім өз ағзасына қатысты сұрақтары немесе алаңдаушылығы болса, ата-анасына, психологқа немесе эндокринологқа профилактикалық тексеру үшін жүгінуіне болады.
Қолдау бағыты: жасөспірімге қалай көмектесуге болады?
Ата-аналар бақылаушы емес, қолдаушы болуы маңызды:
- Сенімді орта қалыптастырыңыз: тыңдауға және қолдауға дайын болыңыз.
- Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етіңіз: физиология және гигиена мәселелерін ашық талқылаңыз.
- Жеке үлгі көрсетіңіз: ата-ананың белсенді өмір салты мен дұрыс тамақтануы – балаға ең жақсы үлгі.
- Цифрлық гигиенаны сақтаңыз: ұйқыдан 1–2 сағат бұрын гаджеттерді пайдалануды шектеу ұсынылады.
Көмекті қайдан алуға болады?
Ұлттық балаларды оңалту орталығында мамандар балалар мен жасөспірімдерге жас ерекшеліктеріне байланысты қиындықтарды еңсеруге көмектесіп, кешенді тәсіл негізінде қызмет көрсетеді. Ұранымыз: «Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық!»
Байланыс:
📞 Телефон: +7 708 503 65 73
📱 WhatsApp: +7 700 753 03 09


