Павловец Лариса Павловна

Басқарма бастығының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 22.05.1967
Орындайтын функциялары:
- Мына бөлімдердің жұмысын тікелей үйлестіреді және бақылайды:
- стратегиялық даму және маркетинг бөлімі;
- медициналық статистика бөлімі;
- ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімі.
- Келесі мәселелерге жетекшілік етеді:
1) Қоғамның стратегиялық даму жоспарының және стратегиялық қызметті жүзеге асыру тетіктері нәтижелілігінің түйінді көрсеткіштеріне (KPI) қол жеткізу;
2) іс-шаралар жоспарын (операциялық жоспарлар), сондай-ақ Қоғамның стратегиялық және орта мерзімді даму жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және орындау;
3) Қоғамдағы бизнес-процестерді ұйымдастыру;
4)көрсетілетін диагностикалық, емдік және оңалту қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету;
5) Қоғамның стратегиялық және орта мерзімді даму жоспарларын, іс-шаралар жоспарларын (операциялық жоспарларды) әзірлеу, орындау, кеңейту, толықтыру және қайта қарау;
6) жаңа медициналық техника мен озық технологияларды енгізу, Қоғамдағы менеджмент жүйесін және ынталандыру тетіктерін жетілдіру;
7) ұжымдық шартты әзірлеу, жасасу және оның талаптарын орындау;
8) жетекшілік ететін мәселелері мен бағыттары бойынша Қоғамның ішкі және нормативтік құжаттарын әзірлеу;
9) Қоғамда жоғары өнімді және қауіпсіз еңбекке қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдай жасау;
10) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің медициналық қызметі бойынша есептік құжаттаманы уақтылы ұсыну және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бағыттары бойынша қызметке талдау жүргізу;
11) Қоғам қызметінің нәтижелері бойынша тоқсандық және жылдық статистикалық есептерді қалыптастыру;
12) қызметтік, медициналық немесе коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру;
13) Қоғамның тұрғын үй-жайларын мүліктік жалға (арендаға) беруді ұйымдастыру;
14) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер бастамашы болған шарттар бойынша шарт міндеттемелерін орындау;
15) жетекшілік ететін мәселелер мен бағыттар бойынша Қызылорда филиалының қызметі.
Қоса атқаратын лауазымы: жоқ
Мамандануы:
Жоғары санатты қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер, жоғары санатты педиатр дәрігер.
Білімі:
1990 жыл – Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, Педиатрия.
Жұмыс өтілі: 35 жыл
- ҚР Парламенті Мәжілісі – депутат (02.01.2021–02.01.2023 жж.)
- №1 Қалалық аурухана – Бас дәрігер (16.02.2012–01.01.2021 жж.)
Марапаттары:
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі
«Шапағат» медалі (мемлекеттік награда)
«Қазақстан медицинасындағы қолтаңбасы үшін» төсбелгісі
«Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі
«Белсенді қызметі үшін» медалі
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
«Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі
«Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
«Құрмет» ордені


